Кеңес ал!
«Интер Мульти Сервис» ЖШС – гофр картон өндіруші. Компания 2008 жылы құрылған. Техникалық процесс дәстүрлі төрт клапанды және күрделі конфигурациялы гофрленген қораптарды, құрамдас бөліктерді, сондай-ақ түйнекті ыдыстарды өндіруге мүмкіндік береді. Компанияның өндіріс орны Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Бекмаханов көшесі, 96В орналасқан. Аумағы 1,4406 га. Өндірістік және қойма үй-жайларының аумағы 5 877,13 м2 құрайды.
2013 жылы гофр картон шығаратын қондырғылар орнатылды. Гофр картон шығаратын жаңа автоматты желінің арқасында өнім ассортименті үш қабатты картоннан жеті қабатты картонға дейін артты. Сондай-ақ 4 түске дейін басып шығару мүмкіндігі бар автоматты флексобаспа машиналарын іске қосты. 2016 жылы «Интер Мульти Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында түйнекті контейнерлердің жаңа өндірісін іске қосылды. Жаңа желінің өндірістік қуаты Оңтүстік өңірлердегі құс фабрикаларының сұранысын өтей алады.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы компания «Бірыңғай кешенді бағдарлама» бойынша қаржы алды. Бағдарлама шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі 21,75 пайызды құраса, оның 13,75 пайызы «Даму» Қоры есебінен жабылып, айырмасын ғана кәсіпкер төлейді. Қаражат инвестиция мен айналым қаражатын толықтыруға жұмсалды.
«Интер Мульти Сервис» ЖШС өңір экономикасын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты сапалы өніммен қамтамасыз етеді. Қолдаудың арқасында жалпы өңірлік өнімді ұлғайту, өнімді импортты алмастыру мүмкіндіктері пайда болды.
Сайт: @ ims_box.kz
Алматы қаласы, Бекмаханов к-сі, 96В
+7 (727) 364-55-88, +7 (727) 364-66-56