Кеңес ал!
«DARIS GROUP» ЖШС – жоғары тиімді медициналық және өндірістік респираторлар өндіретін отандық кәсіпорын. Компания 1996 жылдың 25 желтоқсанында Ақмола облысы, Шортанды кентінде тіркелді. Ұжым шағын өндірістен бастап, халықаралық стандарттарға сай жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған заманауи кәсіпорынға дейін өсті.
Негізгі қызмет бағыты – респираторлар өндіру. Өндіріс толық цикл бойынша ұйымдастырылған: шикізатты іріктеп сатып алудан бастап, дайын әрі сертификатталған өнім шығаруға дейін. Өнім сапасы мен қауіпсіздігіне айрықша назар аударылады. Респираторлар зертханалық сынақтардан сәтті өтіп, Қазақстан Республикасы аумағында, соның ішінде медициналық мекемелерде қолдануға рұқсат беретін сертификаттарға ие болды. «DARIS» респираторлары FFP2 және FFP3 стандарттарына толық сәйкес келеді. Олар COVID-19 пандемиясы кезінде қорғаныс құралдарына сұраныс күрт артқан уақытта өзінің тиімділігін дәлелдеді.
Компания нарықтың сұранысы мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға жедел бейімделе отырып, өндірісін қарқынды түрде дамытып келеді. Жақын болашақтағы жоспарлар – инфузиялық ерітінділер мен антибактериалдық сулықтар өндіру. Қазіргі уақытта «DARIS GROUP» осы бағыттар бойынша тиісті лицензиялар алудың соңғы кезеңінде тұр.
Моно және шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлікті қолдаудың IV бағыты аясындағы мемлекеттік қолдау бағдарламасы шеңберінде «DARIS GROUP» ЖШС АО «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы, АО «ForteBank» банкімен бірлесе отырып, 19,5% мөлшерлемемен қаржыландыруға өтінім берді. Оның іш інде 12,5%-ы субсидияланады, ал қарыз алушы үшін түпкілікті мөлшерлеме 7% болды. Бұл қаражат айналым қаражатын толықтыру мен шикізат сатып алуға бағытталды, сондай-ақ өндірісті кеңейтуге мүмкіндік берді.
«DARIS GROUP» ЖШС-нің табыс құпиясы – бұл тәжірибе, технологиялық даму, өнім сапасы мен заманауи талаптарға жедел бейімделудің үйлесімі. Компания тұрақты түрде дамып, Қазақстан халқы мен медициналық мекемелерін сенімді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге үлкен үлес қосуда.
Инстограмм: daris_group
Сайт: darisgroup.kz
Почта: ruslan@darisgroup.kz
Телефон: 8 705 324 2224