menu
Жабу

Кеңес ал!

«Ясмин Строй Эксперт» компаниясы қалай өндірісті кеңейтіп, инновацияларды енгізіп жатыр

25.04.2025

«Ясмин Строй Эксперт» — құрылыс конструкцияларын өндіру саласында табысты жұмыс істеп келе жатқан, қарқынды дамып жатқан кәсіпорын. Компанияның негізгі бағыты – пластик терезелерді өндіру, сонымен қатар алюминий құрылымдары, шыныпакеттер (стеклопакеттер), сондай-ақ темірбетон бұйымдары (ЖБИ) өндірісін де белсенді дамытып келеді.

Бүгінде кәсіпорын ай сайын 800–1000 шаршы метр өнім шығарып, өндіріс көлемінің тұрақты өсуі мен жоғары сапасын көрсетуде.

Компания дамуының маңызды кезеңі – өндірістік базаны жаңғырту болды. Осы аясында екі қабатты шыныны дайындайтын заманауи италиялық жабдық сатып алынды. Бұл қондырғы шыныны автоматты түрде жуып, оны жоғары дәлдікпен және тазалықпен жинауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде өндірістің тиімділігі мен өнім сапасы айтарлықтай артты.

2024 жылы компания «Банк ЦентрКредит» АҚ-нан 70 миллион теңге көлемінде несие алды. Бұл қаражат: шикізат сатып алуға, пластмасса бұйымдарын (шыныпакеттерді) өндіруге арналған ағымдағы қызметке, қабырға блоктарын (ЖБИ) өндіруге, болат конструкцияларын шығаруға, және парақ шыныны өңдеуге бағытталды.

Несие мөлшерлемесі 19,75% құрады, оның ішінде 8%-ын кәсіпкер өзі төлейді, ал қалған бөлігі мемлекеттік субсидия арқылы өтеледі. Сондай-ақ, бұл несиеге «Даму» қоры мемлекеттік «Біріңғай кешенді бағдарлама» аясында 50% кепілдік берді.

2024 жылдың соңында компания «BCC Leasing» АҚ арқылы SHACMAN маркалы жүк көлігін (тягач) 19 млн теңгеге лизингке алды. Лизинг мөлшерлемесі 19,25%, оның ішінде 11,25% – мемлекеттік субсидиялар есебінен жабылады.

«Негізгі материалдар – пластик пен алюминий – Ресейден жеткізіледі, ал парақ шыны Қырғызстаннан әкелінеді. Оны біз қажетті өлшемдерге сәйкес кесеміз», – дейді компания директорының орынбасары Дамир Сайфутдинов.

Компания сондай-ақ құрылыс саласында қолданылатын темірбетон сақиналарын өндіреді. Өндіріс стандартты қалыптармен де, жеке тапсырыстар бойынша да жүзеге асырылады. Сонымен қатар, кәсіпорын сұраныстың маусымдық өзгерістеріне икемді түрде бейімделіп, өндіріс пен логистиканы нарық жағдайына сәйкес жоспарлайды.

Бүгінгі таңда «Ясмин Строй Эксперт» өндірісті ұлғайтып қана қоймай, жаңа өндірістік цехтар салуды, қызмет түрлерін кеңейтуді және өнім сапасын арттыруды жоспарлап отыр. Бұл компанияның тұтынушылар сұранысына жауап беруге және нарық талаптарына сай болуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Компания «Қазақстан алюминийі» АҚ және «Қазхром» сияқты ірі өнеркәсіптік тапсырыс берушілермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Бұл компанияның табысты тарихы – «Даму» қорының қолдау құралдары шағын және орта бизнестің ауқымын кеңейтіп, инновация енгізуіне және өз саласында жаңа жетістіктерге жетуіне қалай ықпал ететінінің жарқын үлгісі.

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Транспортная көшесі, 4/22 Телефон: 8-701-771-26-46