menu
Жабу

Кеңес ал!

«MARSELL Family Resort» жағажайдағы қонақ үйлері

22.04.2025

Жетісу облысы туризмге қолайлы, оның ішінде Алакөлдің бойы демалушыларды тартып тұрады. Алакөл – қазақстандық туризмнің інжу-маржаны және табиғи емхананың бір түрі саналады.

Алакөл жағасында Ақши және Көктұма ауылдары орналасқан, онда көптеген түрлі демалыс орталықтары бар. Бүгін біз Ақши кентіндегі көлдің жағалауында орналасқан «MARSELL Family Resort» курорттық қонақ үйі туралы әңгімелемекпіз.

Жеке кәсіпкер «Триандофилиди» өз қызметін 2002 жылы бастады. Сауда саласында жұмыс істей отырып, кәсіпкер бизнес бағытын өзгерту туралы шешім қабылдайды. 2016 жылы кәсіпкер дүкенін сатып, демалыс аймағын салу үшін Алакөл ауданынан жер учаскесін сатып алады.

2018 жылы тұруға арналған 5 корпус салынды, оның ішінде 8 «Family plus» санатындағы 4 корпус, 8 «Standard plus» нөміріндегі 1 корпус және 4 «Family plus» нөмірі бар.

Құрылыс және демалыс аймағын кеңейту аясында жыл сайын «MARSELL Family Resort» курорттық қонақ үйі өте танымал бола бастады.

Инфрақұрылым жағынан курорттағы қонақ үй балалары бар отбасылар үшін Алакөлдегі жайлы демалыс аймақтарының бірі. Демалушылар үшін бос уақыт, спорт алаңдары (шағын футбол, волейбол), ойын алаңдары, бассейн, автокөліктерге арналған қауіпсіз тұрақ және т.б. маңызды нәрсенің бәрі жобаны әзірлеу кезінде ескерілді.

2024 жылы компания «ForteBank» АҚ-да «MARSELL Family Resort» курорттық қонақ үйінің қызметін кеңейтуге инвестиция салу үшін несие алды. Жобаны «Даму» Қоры субсидиялау және кепілдік беру құралдары бойынша «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында қолдады.

Қазір бұл бір уақытта 300-ден астам адамды қабылдай алатын заманауи және жабдықталған демалыс орталығы. Бірінші жағалау сызығындағы жағажайдан небәрі 50 метр қашықтықта орналасқан ерекше орын. Жағалау демалушыларға ыңғайлы демалу үшін шезлонгтармен және қолшатырлармен жабдықталған.

Инстаграм: marsell_family_alakol

Байланыс телефоны: +7 702 654 3530

Мекен-жайы: Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылы, учаске құрылыс 125