Кеңес ал!
«Solar Power» ЖК Рүстемов Бауыржан Нұрланұлы атынан 2020 жылы кәсіпкер ретінде тіркелген.
Компанияның негізгі бағыты электр тарату өнімдерін, трансформаторлық қосалқы станцияларды, төмен вольтті тарату шкафтары бұйымдарын өндіру болып табылады.
Бауыржан Рүстемов бұрындары мұнай компаниясында электрик болып жұмыс істеген, электр тарату өнімдері мен трансформаторлық қосалқы станциялар саласында тәжірибе жинақтаған. Жиналған қаражатқа Кәсіпкер қажетті жабдықтарды сатып алды: токарлық станоктар, металл кесетін станоктар, металды фрезерлейтін станоктар, металдарды дәнекерлейтін жабдықтар. Бірақ өндірісті іске қосу және мемлекеттік және тендерлік тапсырыстарды орындау үшін Кәсіпкерге шикізат, жинақтаушы және технологиялық жабдықтарды сатып алуға айналым қаражаты қажет болды.
Осылайша, Бауыржан Рүстемов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Жамбыл филиалына өтініш білдіріп, несие алу бойынша барлық қажетті ақпаратты алып, Кәсіпкер құжаттарды жинап, «Банк Центр Кредит» АҚ қаржыландыруға өтінім берді.
Банк өтінімді қарағаннан кейін «Даму» қоры несиені мақұлдады және жобаны Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысының Бағдарламасы шеңберінде кепілдік беру және субсидиялау құралдары бойынша қолдады.
Несие алу Кәсіпкерге шикізат сатып алуға, өндірісті кеңейтуге және жаңа өткізу нарықтарына шығуға мүмкіндік берді.
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Исатай көшесі, 2 А
Телефон: +7 775 322 69 82