Кеңес ал!
«Эмиль» – сүт өңдеп, сүт өнімдерін шығаратын компания. 1993 жылы құрылған «Эмиль» компаниясы Қазақстандағы ең ірі сүт өңдеушілер мен сүт өнімдерін өндірушілердің көш бастап тұрған бестігіне кіреді. 25 жылдық тәжірибес, заманауи желілер және қазір 1200 адамға жеткен ұйымшыл команданың арқасында ең жоғары сапалы табиғи өнімдер шығарады.
Бастапқыда балмұздақ шығаратын шағын цехтан іс бастаған компания қазір 120-дан астам сүт өнімдері мен 70-тен астам балмұздақ шығарады. Бүкіл Қазақстан бойынша филиалдары бар, сондай-ақ Шығыс Қазақстанның сүт нарығында басты орында. Компания бірнеше рет республикалық және халықаралық байқаулар мен көрмелердің жүлдегері атанды.
Күніне 20 тонна немесе 200 мың дана балмұздақ — бұл жаңа өндірістің қуаты. Фабриканы құру және тамақ қауіпсіздігінің барлық стандарттарына жауап беретін технологиялық желілерді, жабдықтарды сатып алу үшін «Эмиль» ЖШС отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау желісі бойынша жеңілдікпен несие алды. Ең бастысы, кәсіпорынның тәтті өнімдері әлемдік деңгейде елеулі тексеруден өтті, халықаралық сапа стандарты алынды, енді зауытта әлемдік брендтердің кез келген рецепті бойынша кез келген түрдегі балмұздақ өндіруге болады.
Компания «2021-2025 жылдар кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ айналым қаражатын толықтыруға несие алды. «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауымен кәсіпкер үшін пайыздық мөлшерлеме жылдық 8%-ға дейін төмендетілді.
+7 701 142 17 57
Инстаграм: emily_ice cream_factory
Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қаласы, Абай көшесі, 189/1.