menu
Жабу

Кеңес ал!

«Sirius» балабақшасы – қамқорлық пен дамудың мекені

29.04.2025

«Sirius» балабақшасы — бұл жай ғана білім беру мекемесі емес. Бұл — әрбір бала үшін қамқорлыққа, кәсібилікке және дамуға толы орта. Балабақшада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен типтік даму барысындағы балалар бірге тәрбиеленіп, бір-бірін қолдайтын және жылы қарым-қатынасқа негізделген орта қалыптастырады. Мұндай тәсілдің негізгі мақсаты — ерекше балалардың қоғамға бейімделуін қамтамасыз ету және оларды ортаға интеграциялау үшін қолайлы жағдай жасау.

Балабақшаның негізін қалаушы — Сарсенбаева Перизат. Ол — жүрегі кең, мол тәжірибесі бар педагог. Перизат педагогикалық білім алып, бүкіл өмірін балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арнаған. Еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастап, кейін лицей мектебінде директордың орынбасары болып жұмыс істеген. 2021 жылы ол ерекше балаларға жайлы әрі дамытушы орта құру мақсатында «Sirius» балабақшасының алғашқы филиалын ашты

Перизат ханым ерекше балалар үшін лайықты жағдай жасаудың маңыздылығын жақсы түсініп, әр баланың жеке ерекшеліктерін ескеретін инклюзивті балабақша моделін қалыптастырды. 2024 жылы екінші филиалды ашу үшін құрылыс материалдары мен негізгі құралдарды сатып алу қажет болды. Осы мақсатта Перизат «Даму» қорының қолдауымен «Банк Центр Кредит» АҚ-на қаржыландыруға жүгінді. «Біріңғай кешенді бағдарлама» аясында компания үшін жылдық 20,75% сыйақы мөлшерлемесі 9%-ке дейін төмендетілді, ал айырмашылығын «Даму» қоры субсидиялады. Осы мемлекеттік қолдаудың арқасында сол жылы 110 балаға арналған «Sirius» балабақшасының екінші филиалы сәтті ашылды.

Мұнда келесі арнайы жабдықталған кабинеттер жұмыс істейді:

  • Балалардың қозғалыс координациясын және моторикасын дамытуға арналған бейімделген дене шынықтыру кабинеті;

  • Баланың дене дамуына оң әсер ететін жылы бассейн;

  • Сөйлеу және қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге арналған логопед кабинеті;

  • Сенсорлық бұзылыстары бар балалармен жұмыс жасауға арналған сенсорлық интеграция кабинеті;

  • Қазақ қолөнері мен шығармашылықты дамытуға бағытталған Art Room;

  • Балалардың тыныс алу жүйесіне оң әсер ететін тұз шахтасы;

  • Медициналық кабинет, онда балалардың денсаулығын жақсарту үшін Oxysmile барокамерасы орнатылған.

«Sirius» балабақшасы — бұл жүздеген отбасының өмірін махаббат пен қамқорлықтың арқасында өзгерткен шынайы табыс тарихы. Бұл — әрбір бала үшін бақытты, дені сау және жарқын болашаққа сенімді жағдай жасауға болатындығының айқын үлгісі.

Қызылорда қаласы, ш / а. Арай, Сырдария көшесі, 62а-үй

тел: +7 (707) 762 00 99

инст.: @sadik_sirius_2