menu
Жабу

Кеңес ал!

Команда күші: кәсіпқойлар біріккенде табысты бренд пайда болады

24.04.2025

Табыстың тарихы ұзақ мерзімді серіктестіктен басталды. 20 жылдан астам уақыт бойы «Арон и К» компаниясы әйгілі өндіруші — LUGA ABRASIV зауытының ресми дилері болды. Бұл кезең тәжірибе жинақтау, серіктестікті дамыту және кәсіби құралдар индустриясына терең бойлау уақыты еді.

2017 жылы осы бай тәжірибеге сүйене отырып, Каскадамов Нұрлан Аронұлы батыл шешім қабылдап, ALMATY ABRASIV брендімен абразив өнімдер өндірісін іске қосты. Осылайша жаңа кезең басталды. Ол — тәуелсіздікке, жаңашылдыққа және нарықтағы көшбасшылыққа жол ашты.

Осы бастаманың артында бір мақсатпен бірігіп, құрылыс материалдары мен кәсіби құралдар саласында үздік шешімдерді ұсынуға ұмтылатын «Aron» командасы тұрды. Олардың миссиясы қарапайым, бірақ өршіл — заманауи технологиялармен жасалған және халықаралық стандарттарға сай жоғары сапалы өніммен нарықты қамтамасыз ету болатын.

2002 жылдан бастап компания бөлшек сауда бағытын белсенді дамытып, жай ғана дүкен емес, «Арон и К» атауымен нағыз жабдықтау орталығын құрды. Ол Алматы облысы, Талғар ауданы, Жалқамыс ауылы, 1-ші көше мекенжайында орналасқан. Бұл орталық кәсіби құрылысшылар мен мердігерлерге ғана емес, сонымен қатар жөндеу немесе құрылыс жұмыстарын бастаған жеке тұтынушыларға да сенімді тірекке айналды.

Сондай-ақ 2023 жылы кәсіпкер жабдықтарды сатып алып, айналым қаражатын толықтыру үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 21,75% - бен несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында «Даму» қоры осы несиенің 13,75% -ын ішінара субсидиялады. Нәтижесінде кәсіпкер қарызын тек 8% -ға ғана төлейді.

Бүгінде «Арон и К» — бұл:

  • әлемдік өндірушілерден 200-ден астам жоғары сапалы өнім түрі;

  • үнемі жаңартылып отыратын кең ассортимент;

  • тәжірибелі мамандардың кәсіби кеңестері;

  • ыңғайлы орналасуы мен автотұрағы бар жайлы сауда алаңы;

  • және ең бастысы — уақытпен сыналған сенімділік пен сапа.

«Арон и К» — бұл жай ғана дүкен емес. Бұл — сенім, сапа және үздік болуға ұмтылыс арқылы құрылған табыс тарихы. Бұл — құрылыс пен жөндеудің барлық кезеңдерінде сіздің сенімді серіктесіңіз. Ал бұл әлі бастамасы ғана!

 

Адрес: Алматы обласы, Талғар ауданы, Жалкамыс ауылы, көшесі 1 – ші

Тел.: +7 707 730 1111, +7 771 771 4333

Инстаграм: @aron.kz

Электронная почта: https://aron-k.kz/