Кеңес ал!
Хамзина Анар Кабдуллаевна — табандылық, ісін сүю және әр детальға мән беру арқылы адамдарға қуаныш сыйлап, табысты бизнесті құруға болатынын дәлелдеген кәсіпкер. Компанияның тарихы 2023 жылы Анар алғаш рет бизнеске қадам басып, төсек-орын жиһаздарын сата бастаған кезден бастау алды.
Бастапқыда ол мұқият материал таңдау мәселесіне баса назар аударды, өйткені ол үшін әрбір төсек-орын жиынтығы тек әдемі емес, сонымен қатар қолмен ұстауға ыңғайлы, ұзаққа шыдайтын және денсаулыққа қауіпсіз болуы маңызды болды. Өнімдер тез арада жоғары сапалы маталар мен ұсақ-түйектерге назар аударудың арқасында тұтынушылардың сеніміне ие болды.
2024 жылы бизнесінің әлеуетін түсінген Анар оны жаңа деңгейге көтеру туралы шешім қабылдап, «Sonberry» брендімен өзінің өндірісін іске қосты. Бұл қадам компанияның дамуы үшін маңызды кезең болды. Бұл брендпен төсек-орын жиынтықтары және жеке бұйымдар — төсек жапқыштар, төсеніштер және жастық қаптар, барлығы 100% табиғи мақтадан жасала бастады.
Өз идеясының жүзеге асуына және өндіріс процесін құруға арналған коммерциялық ғимаратты Анар Хамзина 2024 жылы сатып алды. Осы инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін ол «ForteBank» АҚ өтініш білдіріп, «Бірыңғай кешенді бағдарлама» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие алды. Несие мөлшерлемесі 21,25% жылдықты құрады, оның ішінде кәсіпкер 8% төлесе, қалған 13,25% «Даму» қоры субсидиялайды. Несие алу үшін «Даму» қорының кепілдігі ұсынылды, бұл қаржылық тәуекелдерді азайтуға және бизнестің барлық кезеңдерінде қолдау көрсетуге мүмкіндік берді.
«Хамзина Анар Кабдуллаевна» ЖК тарихы — табандылық, нақты мақсат және ісіне деген сүйіспеншілік арқылы үйіңізге қуаныш пен жайлылық әкелетін табысты бренд құруға болатындығының жарқын мысалы.
Петропавл қ, Алтынсарина к-сі, 241
+7 (777) 773 30 77
@sonberry.kz