menu
Жабу

Кеңес ал!

Біз риясыз күлкі сыйлаймыз

Жаңалықтар
08.05.2025

Атыраулық тіс дәрігері Нұрлыбек Садуов хирург-имплантолог, протезші ортопед ретінде 15 жыл жұмыс істеген маман.

Орал қаласындағы «Мақсат» медициналық колледжінің студенті болып жүріп те тіс техникалық зертханасында еңбекке араласып, тәжірибе жинауға мүмкіндік алды.

Жақсы хирург болуға деген ынта Алматы қаласындағы С.Асфандерияров атындағы ҚазҰМУ-ға жетеледі. Оқуға түскен соң хирург-имплантолог дәрігердің көмекшісі ретінде қосымша жұмыс істеп жүрді. Кейін Корея елінде Сеул қаласында денталь имплантация бойынша дипломнан кейінгі оқу курсын бітірді.

2013 жылы «Крепость» ЖК тіркеп, жұбайы Мөлдірмен бірге отбасылық бизнес ашып, дамытуға шешім қабылдады.

Қазір «A-stom» клиникасы алдыңғы қатарлы диагностикалық және емдеу жабдықтары толық бар, емдеудің: эстетикалық стоматология, тістерді протездеу, имплантация, хирургия, ортопедиялық және терапевтік стоматология сияқты барлық түрлері ұсынылатын орын.

Заманауи материалдар, жаңа технологиялар емдеудегі табыстың негізгі факторларының бірі. Озық технологияларды және қазіргі заманғы ғылымның жаңа жетістіктерін сатып алатын және енгізетін клиникалар бәселестер арасында айтарлықтай артықшылыққа ие. Қазіргі уақытта Атырау қаласында 3 стоматологиялық клиника жұмыс істейді және бизнесті кеңейту мақсатында компания жабдықтары бар жұмыс істеп тұрған стоматологиялық клиниканы сатып алуға бел буды.

«Бірыңғай кешенді бағдарламағаның» арқасында «Крепость» компаниясы жылына 21,25%-бен жылжымайтын мүлік сатып алуға несие алды. Оның мемлекет субсидиялайтын бөлігі 12,25%-ды құрады, ал 9% айырмасын кәсіпкер төлейді. Қордың кепілдігі несие сомасының 43%-ын құрады.

Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі, 48, № 12.

+7 7010122442

Инстаграм: @dr.nurlybek_stom