menu
Жабу

Кеңес ал!

«Nursult 7 ясли-сад» ЖШС табыс тарихы

Жаңалықтар
05.05.2025

Өз қызметін 2021 жылдың қыркүйегінде бастаған «Nursult 7 ясли-сад» ЖШС Ақтөбе қаласында мектепке дейінгі білім беру саласында маңызды әлеуметтік және экономикалық жобаны іске асыруда. Жобаның негізгі міндеті-балаларды тәрбиелеу және оқыту мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ олардың дамуы үшін заманауи жағдайлар жасау. 

Осы ауқымды идеясын іске асыру үшін кәсіпорын «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкіе» несие сұрап жүгінді. Қаржыны банк жылына 21% мөлшерлемемен берді. Бұның 12,75%-ын Қор субсидиялады. Соның арқасында компанияның қаржылық жүктемесі азайды. 

Қаражат ас үй жабдықтары, жиһаз, қауіпсіздік құралдары, оқу және ойын жабдықтарын сатып алуға, сондай-ақ құрылыс жұмыстарын жүргізуге жұмсалды. Бұл қолдау білім беру мен бала күтімі сапасының заманауи стандарттарын енгізуге ғана емес, сонымен қатар қарыздың жылдам өтелуін қамтамасыз етті. 

Мұнда 450 балаға дейін қызмет көрсете алатын заманауи балалар орталығы құрылды. Бұл – балабақшаға орын тапшылығын азайтуға өңірдің әлеуметтік қызметтерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Жоба қаланың әлеуметтік-экономикалық саласына оң әсерін тигізді, жұмыс орындары құрылды, салық түсімдері ұлғайды, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру инфрақұрылымы нығайды. 

Бұл мысал Қор бағдарламалары мен субсидияларды қолдаудың артында қоғамға пайда әкелетін және сонымен бірге тиімді бизнеске айналатын әлеуметтік маңызды жобалар сәтті жүзеге асырыла алатындығын көрсетеді.

 Ақтөбе қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 18а.

+7 705 161 00 90

Instagram: @nursultan_balabakcha