menu
Жабу

Кеңес ал!

«KazIndArsenal»: сапа – біздің басты қағидамыз

Жаңалықтар
13.05.2025

Ерболат Балқашұлы Сәбиғанов құрылыс және өндірістік кәсіпорындарына ранап арнайы киім шығару үшін 2012 жылы «KazIndArsenal» ЖШС құрды. Ал 2017 жылдарда компания тігін өндірісін белсенді дамытып, өңірде танымал әрі беделді брендке айналды.

Компания арнайы киімді жеке тапсырыспен тігеді және тапсырыс берушіге ыңғайлы жағдайлар ұсынады. Атап айтқанда: алдын ала төлемсіз тапсырыс қабылдау, стандарттан тыс тапсырыстарды орындау сияқты. Үнемі жоғары сапа ұсыну компания «Средазэнергомонтаж Павлодар» ЖШС және «Богатырь Транс» ЖШС сияқты ірі клиенттердің сеніміне кірді.

Компанияда ұжымның дамуына ерекше көңіл бөледі: өндірісте жергілікті мамандар жұмыс істейді, олардың көпшілігі осы кәсіпорында оқып, кәсіби тұрғыда өскендер. Осылайша, кәсіпорын өңірде жұмыс орындарын ашу мен кәсіби кадрларды дамытуға өз үлесін қосып отыр.

2025 жылы компания «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы 30 000 000 теңге сомасында инвестициялық жобаны жүзеге асырды. Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен іске асты. Қор несие мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау арқылы кәсіпорынның қаржылық жүктемесін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік берді. Осы қолдаудың арқасында компания өндірістік базасын нығайтып, клиенттер алдындағы міндеттемелер мен сапа стандарттарын сақтай отырып, дамуын жалғастыруда.

Бүгінде «KazIndArsenal» ЖШС өнім түрлерін кеңейтіп, жаңа материалдар мен технологияларды енгізе отырып, саланың заманауи талаптарына сай болуға ұмтылуда. Компания бастаған жолына адал болып, болашаққа нық сеніммен қарайды.

Павлодар қаласы, Нұркин көшесі, 72/7

Тел.: +7-705-266-65-85

Instagram: @arsenal.kz_pavlodar