Кеңес ал!
«Детский комбинат Ынтымақ» ЖШС жолы балаларға қамқорлық жасау идеясынан бастау алады. Компанияның негізін қалаушы — Нұрзия Мүсірханова «Даму» Қоры арқылы мемлекеттік қолдау алғаннан кейін балалар бақшасына ғимарат сатып алды. Негізгі басымдық балалардың тәрбиесі мен білімінің сапасына берілді. Бүгінде бақша ата-аналар арасында танымал. 2024 жылы Нурзия Аликеевна жаңа батыл қадам жасап, кондитерлік өнімдер шығаратын жұмыс істеп тұрған цехты сатып алды. Бұл наубайхана нарықта бес жылдан астам уақыт жұмыс істеп, тұрақты клиенттер жинады. Жаңа меншік иесі ретінде ол кәсіпорынның дәстүрін жалғастырып, өнімнің сапасына және команда дамуына ерекше көңіл бөлді.
Бүгінде өндірісте 18-19 қызметкер жұмыс істейді. Нұрзия Аликеқызының басшылығымен олар күн сайын тәтті-дәмдінің түр-түрін пісіреді. Өнім ассортименті соншалықты кең, ол әрбір клиенттің талғамына сай келеді — дәмді десерттерден бастап, дәстүрлі ұлттық тағамдарға дейін бар. Қазір компания тек балалар бақшасы ғана емес, сонымен бірге қалаға піскенрілген өнімдер жеткізетін өндіріс алаңына айналды. Келешектегі жоспарлар — ассортиментті кеңейту, жаңа рецепттер енгізу және жаңа нарыққа шығу. Кәспкердің тәжірибесі— өз ісіне деген сенім, еңбекқорлық және сапаға деген ұмтылыстан тұрақты бизнес туатынының айқын мысалы.
2024 жылдың тамыз айында «Үміт» әйел кәсіпкерлігін қолдау бағдарламасы аясында компания кондитерлік цех үшін коммерциялық мүлік сатып алды. Жобаны жүзеге асыру үшін кәсіпкерге «Қазақстан Халық банкі» 57 миллион теңгені 16,5% пайызбен несие ретінде берілді.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 31Б шағын аудан, 28 үй
Телефон: +7 701 352 87 16
Instagram: @balmeken_aktau