Кеңес ал!
Ақмола облысы, Қосшы қаласында кәсіпкер Нецлов Виталий Александрович «ҚАМҚОР» атты наубайханасын ашты. Мұнда күн сайын қоспасыз, консервантсыз, тек табиғи өнімдерден жасалған, хош иісті әрі дәмді нан-тоқаш өнімдері дайындалады. Барлық өнімдер наубайхананың жеке технологының авторлық рецепті бойынша пісіріледі. Кәсіпорын сапаға, өнім түрлерінің әртүрлілігіне және жоғары сервистік деңгейге ерекше мән береді. Мұнда әрдайым жаңа піскен өнімдер, сыпайы қызметкерлер және уақытылы жеткізу қызметі бар.
Наубайхананы ашу идеясы 2020 жылдың жазында, кәсіпкер қалада сапалы жаңа пісірілген нан жетіспейтінін байқаған кезде пайда болды. Сол кезде Виталий Нецлов басқа салада - Астана қаласында автокөліктерге қызмет көрсетуде табысты бизнес жүргізген болатын. Жаңа бағытты іске қосу үшін қосымша қаржы қажет болды, сол себепті ол «ForteBank» АҚ-на қаржылай қолдау сұрап жүгінді.
2021 жылдың қаңтарында банк кәсіпкерге жылдық 14% мөлшерлемемен инвестициялық несие беруді мақұлдады. «Бизнеске арналған жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» қоры кепілдік беріп, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялады. Нәтижесінде кәсіпкер тек 6% ғана төлейді, ал қалғанын мемлекет өз мойнына алды.
Алынған несие қаражаты жалға алынған ғимаратты жөндеуге, заманауи наубайханалық жабдықтар сатып алуға және өнімдерді жеткізуге арналған көлік алуға жұмсалды. 2021 жылдың наурыз айының соңында «ҚАМҚОР» наубайханасы алғашқы келушілерге есігін ашты.
Алғашқы күннен бастап кәсіпорын сапа мен тұтынушыларға деген қамқорлықты басты ұстаным етті. Бұл тәсіл өз жемісін берді – өнімге сұраныс тұрақты түрде артып, ассортимент кеңейе түсті. Бүгінде наубайханада 20-дан астам өнім түрі бар: түрлі нан, тоқаштар, бәліштер, слоеный өнімдер және тағы басқа дәмділер.
«ҚАМҚОР» наубайханасы табысты кәсіп қана емес, сонымен қатар Қосшы қаласының тұрғындарын күн сайын дәмді және жаңа піскен нан-тоқаш өнімдерімен қуантып отырған маңызды әлеуметтік нысанға айналды.
Инстаграм: @qamqor.pekarnya
Байланыс телефоны: 8 708 746 3878, 8778 359 3333
Ақмола облысы, Целиноград ауд., Қосшы қ., Иманов к-сі 61