menu
Жабу

Кеңес ал!

«DarClinic» — денсаулық дүниеге келетін клиника

Жаңалықтар
15.05.2025

Орал қаласының қақ ортасында, жайлы «Жаңа орда» ауданында орналасқан ерекше орын бар. Ол – «DarClinic». Бұл жай ғана медициналық орталық емес. Бұл – жайлылық, кәсібилік және әйелдер денсаулығына деген шынайы қамқорлық тоғысатын кеңістік.

Клиниканың негізін қалаған — ультрадыбыстық диагностика дәрігері Гаухар Ералина, өз жолын Орал қаласындағы №2 Перзентханада бастаған. Ол жылдар бойы болашақ аналардың УДЗ зерттеулерін жүргізіп, жаңа өмірдің алғашқы кезеңдеріне куә болды. Жоғары медициналық білімі мен тұрақты кәсіби даму жолының — халықаралық маманданулардың, вебинарлар мен семинарлардың — арқасында Гаухар Ералина тек заманауи медицинаның жетістіктерімен қатар жүріп қана қоймай, оны алға жетелейді.

«Ультрадыбыстық зерттеу — бұл қарапайым, қолжетімді әрі өте ақпараттық диагностика. Ол патологияларды уақтылы анықтап, болашақ баланың дамуын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл — ана мен баланың денсаулығына қамқорлықтағы таптырмас құрал», — деп атап өтеді Гаухар Ералина.

2017 жылы ол алғашқы жеке кабинеті — UZI_DR.YERALINA_URALSK ашты. Бұл — дербестікке ұмтылыс пен сапалы медициналық қызмет көрсетуді мақсат еткен батыл шешім болды.

Кейін «Даму» қоры мен «Forte Bank» АҚ-ның қолдауымен клиника даму жолына түсті: 2024 жылдың қыркүйегінде «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында жаңа ғимарат сатып алынды. Кәсіпкерлік бастамаға мемлекет тарапынан субсидияланған мөлшерлеме арқылы қолдау көрсетілді: 10,25% — мемлекет, 9% — кәсіпкердің өзі төлейді.

Бүгінде «DarClinic» күн сайын 10-нан астам әйелге қызмет көрсетіп, акушер-гинекологтардың кәсіби кеңестерін және сапалы УДЗ тексерулерін ұсынады. Клиниканың басты мақсаты — тек диагностика жасау емес, сонымен қатар дені сау және бақытты сәбилер дүниеге келетін жағдай жасау.

«DarClinic» — бұл аймақтағы жалғыз клиника, онда келесі ерекше медициналық және сауықтыру қызметтер ұсынылады:

  • БОС-терапия — биологиялық кері байланыс арқылы жамбас асты бұлшықеттерін жаттықтыру;
  • Биоимпеданс талдауы — дене құрамын анықтау (май, бұлшықет, су және т.б.);
  • Импланон — ұзақ әсер ететін заманауи тері астылық контрацептив;
  • Интимдік жасарту құрылғысы — эстетикалық гинекологияның жаңа деңгейі;
  • Плазмолифтинг — табиғи жасарту және тіндерді қалпына келтіру.

Барлық процедуралар заманауи технологияларды пайдалана отырып, тәжірибелі мамандардың бақылауымен жүргізіледі.

«DarClinic» әрбір әйелге ерекше құрметпен қарайды. Мұнда тек ем жүргізбейді — мұнда қамқорлық көрсетеді, түсінеді және қолдайды. Себебі, дені сау ұрпақ — бұл баршамыздың болашағымыз.

Мекенжай: БҚО, Орал қ., Жаңа Орда ықшам ауданы, 11/1
Телефон: +7 775 018 57 77
Instagram: @uzi.dr.yeralina