Кеңес ал!
«Ramazan Qus» ЖШС – жоспарлы даму және дұрыс қаржылық шешімдер ауыл бизнесінің дамуына қалай көмектесетінінің мысалы. Кәсіпорын 1966 жылы Ақтөбе облысында құрылған, Тауық жұмыртқасын өндіруге маманданған. Өнімге деген тұрақты сұранысты көріп, басшылық қуатты кеңейтуге шешім қабылдап, жұмыс істеп тұрған құс фабрикасының аумағында өнеркәсіптік цех пен инфрақұрылымды қайта құруды жоспарлады.
Кәсіпорын жоспарында жаңғыртудың бірнеше кезеңін өткізу, жаңа жемшөп таратқыш енгізу, корпустарды қайта жаңарту және торлы жабдықты еуропалық жабдыққа толық ауыстыру болды. Бұл – өндіріс қуатын жылына 180 миллион жұмыртқаға дейін арттырады.
Жобаны қаржыландыру үшін кәсіпорын «Еуразиялық банк» АҚ-ға жүгінді, жылдық пайыздық мөлшерлеме 19,25%- құрап, «Даму» Қорының субсидия құралы арқылы оның 10,25%-ы өтелді. Нәтижесінде кәсіпкер төлейтін сыйақы мөлшерлемесі жылына 9% ғана құрады.
Қуатты арттырумен қатар, жоба жаңа жұмыс орындарын құруға, өткізу желісін нығайтуға және жеткізу географиясын кеңейтуге мүмкіндік берді. Өнім Ақтөбе облысында сатылады, сондай-ақ басқа өңірлерге және елден тыс жерлерге жөнелтіледі.
Ақтөбе қаласы, Ясный т/а, 10-ғимарат
+7 (777)-711-00-14
Сайт: ramazancompany.kz