menu
Жабу

Кеңес ал!

Таза табыс: Жубаныш Аманжоловтың табыс тарихы

Жаңалықтар
21.05.2025

 

Жұбаныш Аманжолов еңбек жолын колледжде оқытушы болып бастаған. Уақыт өте келе тәжірибе мен білім жинақтап, 2014 жылы өзінің жеке ісін ашып, коммерциялық нысандарды жалға берумен айналыса бастады. Дегенмен, оның басты арманы — отандық өнім өндіру болды.

2024 жылы қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу үшін ол «Даму» қорының қолдауымен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан қаржыландыруға жүгінді. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында компания үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 20,25%-дан 7%-ға дейін төмендетілді, ал айырмашылығын «Даму» қоры субсидиялайды. Бұл жобаның жүзеге асуына үлкен серпін берді.

Осылайша, 2025 жылдың мамыр айында Арал ауданында өңірдегі алғашқы ірі көлемдегі кір жуғыш ұнтақ шығаратын зауыт — «Ase Іnvest» іске қосылды. Бүгінде зауыт тәулігіне 22 тоннаға дейін өнім шығарады, оның жартысы экспортқа бағытталады. Бұл жоба тек аймақтың емес, бүкіл елдің экономикасына оң әсерін тигізіп отыр.

Зауыт «Easy Life» және «Aral» брендтерімен 3 және 9 кг-дық орамда кір жуғыш ұнтақтар шығарады. Өнім сапасы жоғары, шетелдік баламалардан кем түспейді және алғашқы тұтынушылардан оң пікір алып үлгерді.

Келесі кезеңде кәсіпорын ылғалды сулықтар (салфеткалар) өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл ассортиментті кеңейтіп, компанияның тұрмыстық химия нарығындағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді.

ИП Аманжолов Жубаныштың табыс тарихы — бұл мемлекеттік қолдаудың және жеке бастаманың арқасында заманауи өндірісті дамытып, ел мен қоғам игілігі үшін жұмыс істеуге болатындығының жарқын дәлелі. 

Қызылорда облысы, Арал қаласы, Уайыс Қосымов көшесі, 2Г үй

тел: +7 (701) 457-79-16

инст.: @aral_stiralny_poroshok