menu
Жабу

Кеңес ал!

Тас қашап, темірден түйін түйген шебер

Жаңалықтар
22.05.2025

Кәсіпкер Сырым Кульчиев жиырма жылдан астам уақыт бойы Атырау облысының тұрғындары үшін сәнді элементтер, ескерткіштер, мешіт күмбездері, мүсін, кіреберіс аркалар, ағаш пен шыныдан жасалған бұйымдар жасап келеді.

Цехтағы 20 адамнан тұратын кәсіби команда табиғи тасты өңдеп, әрлеп, плазмамен кесіп, ландшафт дизайны қызметтерін ұсынады.

Мрамордан: тротуар және қасбет тақталары, салт-жора бұйымдары (тақталар, стелалар), қаптау элементтері (цоколь тақталары, қасбет сайдингі), қоршау секциялары, баспалдақтар элементтері, шағын сәулеттік мүсін нысандары, орындықтар, каминдер, терезе алды және т.б шығарады.

Еуропа сапа стандарттарының, техникалық сипаттамалардың арқасында бұл құрылыс материалдарына жеке тапсырыс берушілер, құрылыс фирмалары, ірі мердігерлер тарапынан үлкен сұраныс бар.

Өндіріске құрал-жабдықтар сатып алуға шешім қабылдаған «Қульчиев» ЖК 20,75%-бен «Bank RBK»-тен несие алғанда мемлекет «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында оның 12,75%-ын субсидиялады. Ал 8% айырмасын кәсіпкер төлейді.

Болашақта компания өндірісті ұлғайтып, клиенттерді арттыруға ниетті.

Атырау қаласы, Құрманғазы көшесі, 116 а

+7 701 566 84 59

Инстаграм: @masterskaya.syrym