menu
Жабу

Кеңес ал!

Диведенттер төлеу жайлы ақпарат

21.05.2025

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы, Алматы қ., Гоголь көш, 111 орналасқан, реквизиттері: ЖСК KZ196017131000002552, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, БСК HSBKKZKX, БСН 970840000277, Кбе 15 Жалғыз Акционердің («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының 21.05.2025 ж. № 23/25 сырттай отырысы) шешімі негізінде жай акциялар бойынша дивидендтер төленетіні туралы хабарлайды.

2024 жылға арналған іс-шаралар қорытындысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері 678,62 (алты жүз жетпіс сегіз) теңге 62 тиын болды. Дивидендтердің жалпы сомасы 18 840 014 023,08 (он сегіз миллиард сегіз жүз қырық миллион он төрт мың жиырма үш) теңге 08 тиын.

2024 жылға дивидендтер төлеу – 21.05.2025 ж, шешім қабылданған күннен басталады.

Дивидендтер 2025 жылғы 31 мамырға дейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ акционерлер тізілімі жүйесінде көрсетілген «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ банктік шотына қолма-қол ақшасыз аудару жолымен төленеді.