menu
Жабу

Кеңес ал!

«Ұлытау Оптик» ЖШС — идеядан маңызды миссияға дейінгі жол

19.05.2025

«Ұлытау Оптик» — жәй ғана оптика емес, ол қоғамға пайдасын тигізіп, халықтың жанарына жақын құрал ұсынып, Ұлытау өңірінде қамқорлық мәдениетін қалыптастыруды көздейтін жоба.

Компанияны құру идеясы — КарГУ Е.А. Бөкетов атындағы университеттің түлегі, мамандығы бойынша экономист, бірақ болмысы кәсіпкерлікке жақын Жалғас Ақбаян Мұқанқызына тиесілі. Оның бизнестегі жолы Instagram желісінде ашылған шағын онлайн-дүкеннен басталды. Сол жоба барысында ол бизнес жүргізу, клиенттермен жұмыс істеу және процестерді басқару бойынша бағалы тәжірибе жинады. Бұл бастама кейінгі үлкен істеріне негіз болды, мұнда тек сату емес, әлеуметтік миссия да басты орын алды.

«Ұлытау Оптик» жобасына шабыт берген оқиға — 2022 жылы Жезқазған қаласына көшуі болды. Сол жылы өңірге облыс мәртебесі беріліп, Жалғас осы өзгерістердің бір бөлігі болғысы келді. 2023 жылы франшиза негізінде оптика ашуға мүмкіндік туып, жобаны іске асыруға белсенді кірісті.

Ең күрделі кезең — қаржыландыруды табу болды. Шамамен бір жыл бойы банктер қолдаудан бас тартты. Алайда жобаның маңыздылығына деген сенім мен табандылықтың арқасында 2024 жылдың мамырында «Даму» қорының қолдауымен «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында несие мақұлданды.

Осылайша жобаны жүзеге асыру басталды: кеңсе табылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді, қажетті құрал-жабдықтар алынып, кәсіби команда жасақталды. Көп ұзамай «Ұлытау Оптик» Жезқазған тұрғындары үшін есігін ашты. Алғашқы күннен бастап компания адамдарға тікелей де, ауыспалы мағынада да анық көруге көмектесетін орынға айналды. Мұнда әрбір клиентке құрметпен қарайды, шынайы кеңес береді және жайлылықты қамтамасыз етеді.

Бүгінде «Ұлытау Оптик» — заманауи оптика, мұнда сапалы қызмет пен өнім ғана емес, адами қарым-қатынас та маңызды. Компания көру мәдениетін дамытуға, сапалы диагностика мен көруді түзету құралдарын Ұлытау өңірінің әрбір тұрғынына қолжетімді етуге ұмтылады.

Жалғас Ақбаян Мұқанқызының тарихы — қайтпас қайсарлық пен табандылық арқылы қоғамға пайдалы істерді жүзеге асыру үлгісі. 

Мекенжайы: Сатпаев қаласы, Абай көшесі 50/2

Байланыс телефоны: +7 702 688 3535

Инстаграм: jops.optic.satpaev