Кеңес ал!
2019 жылы Павлодарда шағын, бірақ талабы зор білім беру орны пайда болды. Istudy деп аталатын бұл орталықтың негізін қалаған Ержан Төлеген алдына: ағылшын тілін «әйтеуір үйрену керек болғаны үшін» емес, өмір, оқу және мансап үшін үйрететін, баршаға ортақ кеңістік құру, - деген мақсат қойған.
Алғашқы күннен iStudy командасы сапалы білім сән-салтанат емес, баршаға қажет құрал екеніне сенді. Орталық жеке және топтағы сабақтар, IELTS-ке дайындық және ағылшын тілін оқыту курстарын бастады.
Бірнеше жылдан соң iStudy әртүрлі қалалар, тіпті елдердегі сабақтарға қосыла бастады. Ал оқытушылар таң шеңберде шектелмей білім бөлісті. Туғалы ағылшын тілінде сөйлеп келе жатқан жандар өткізетін курс студенттерге сол тілдің қолданыс ортасын сезінуге және халықаралық қарым-қатынаста сенімді болуға мүмкіндік беретін тағы бір ерекшелік болды.
Жұмыс істеп тұрған білім беру орталығы ғимаратын сатып алу мақсатында Ержан Еранұлы «Forte Bank» АҚ-ға жүгінді. «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиенің түпкілікті мөлшерлемесі жылына алты пайызды ғана құрады. Айырмасын мемлекет субсидиялады. Сондай-ақ «Даму» Қоры несие сомасының 43%-ына кепілдік беріп, қаражатқа қол жеткізуді едәуір жеңілдетті.
Қазір iStudy – не қалайтынын білетін және мақсатына жету үшін үйренуге дайын адамдар қауымдастығына айналды. Бұл – халықаралық сертификаттары мен мол тәжірибесі бар оқытушылар командасы. Бұл – сапаға деген сенім мен әр оқушыға деген шынайы көзқарастың жетістіктерге жетелейтіні жайлы хикая.
Мұнда білім алған 200-ден астам студент IELTS-те өзі ойлаған балл алып, беделді университеттерге түсті. Біреу жаңа мансап жолын тапты, тағы біреу шет елге оқуға кетті, ал келесілердің өзіне сенімі күшейді. Бірақ олардың барлығын біріктіретін бір нәрсе бар. Ол – istudy.
Мекенжайы: Павлодар қ., Бекхожин көшесі, 13-үй, 1-пәтер
Телефон: 8 707-460-86-86
Instagram: @studycenter_istudy_kz