menu
Жабу

Кеңес ал!

«Doctor Denta» ЖШС - әсем күлкі өнері

Жаңалықтар
27.05.2025

«Doctor Denta» – тіс жұлып, емдеп, протездейтін заманауи стоматология. 1989 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «дәрігер-стоматолог» мамандығы бойынша бітірген Тоқтарбек Омаров ашқан.

2020 жылдың тамызында 30 жыл стоматолог болып жұмыс істеп, тәжірибе жинаған Тоқтарбек Байсұлтанұлы жеке іс бастауға бел буды. Ол үшін ғимарат пен жабдықтар сатып алу қажет еді. Ал арманды жүзеге асыратын қаражат жеткіліксіз.

Сол кезде Тоқтарбек Байсұлтанұлы «Қазақстан Халық Банкінен» 2020 жылдың желтоқсанында 14%-бен несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында оның 6%-ын кәсіпкердің өзі төлейді, ал 8%-ын «Даму» қоры субсидиялады.

Ғимаратта қабылдау бөлмесі, қызметтік бөлмелер, екі кабинет бар. Олардың әрқайсысында заманауи 2 стоматологиялық қондырғы бар. Білікті мамандар жұмысқа алынды.  

+7 776 775 87 77

ШҚО, Өскемен қаласы, Тимирязев көшесі, 180 үй, 42.