Кеңес ал!
Сапалы және табиғи өнімдер жасау идеясымен іс бастаған Plavas компаниясы қазір Солтүстік Қазақстандағы азық-түлік өнімдерін өндіруші ірі кәсіпорындардың бірі. «Сыры Приишимья» және «Деловая колбаса» брендтерімен ондаған түрлі ірімшіктер, шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндіріліп, елдегі тұтынушылардың сүйіспеншілігіне ие болды.
Компанияның басты мақтанышы — «Сыры Приишимья» маркасымен шығатын ірімшіктері. Бұл жай ғана Сулугуни, Чечил немесе пиццаға арналған ірімшік емес. Бұл — дәстүр мен ерекше технологиялар тоғысында мұқият жасалған дәм патшасы. Кейбір Чечил түрлері эксклюзив рецептпен жасалғанп, нарықта баламасы жоқ. Бұл — көп жылдық тәжірибе, еңбек пен жетілуді көздеген талпыныстың нәтижесі.
Сол сияқты, «Деловая колбаса» бренді де зор қарқынмен дамып келеді. Шұжықтар, деликатестер, сосискалар, бұқтырылған ет және жартылай фабрикаттар классикалық рецепттер бойынша, табиғилыққа басымдық бере отырып өндіріледі. Өндірісте тек жаңа фермерлік ет пен жоғары сапалы ингредиенттер қолданылады. Петропавл қаласындағы зауыт заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған және айына 15 тоннаға дейін өнім шығаруға қауқарлы, сапаға зиян келтірмей.
Компанияның дамуына маңызды серпін берген сәт — мемлекеттік «Бірыңғай кешенді бағдарламаға» қатысуы болды. Бұл шешім нақты бетбұрысқа айналды. «Банк ЦентрКредит» АҚ бизнес-несиесі мен «Даму» қорының қолдауы арқасында компания айналым қаражатын нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.
Қор тарапынан сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы несие бойынша шығындар жылдық 19,25%-дан 8%-ға дейін төмендеді. Ал несие сомасының 46% қор кепілдігі банктің тәуекелін азайтып, Plavas компаниясына кеңею мүмкіндігін берді.
Plavas — кәсіпкерлік пен мемлекеттік қолдаудың арқасында орнықты бизнеске айналған табысты оқиғаның мысалы. Бұл — идея, табандылық және дұрыс құралдардың кәсіпорын тағдырын өзгертіп, отандық өндірісті дамытуға қалай үлес қоса алатынының дәлелі.
Алда — жаңа рецептуралар, өткізу нарықтарын кеңейту және биік мақсаттар. Бірақ ең бастысы — уақыт сынынан өткен және тұтынушы сеніміне ие болған дәм. Қазақстанда туған дәм.
Петропавл қ, Пушкина к-сі, 73-үй
@delovayakolbasa1998
+7 (777) 325 60 81