Кеңес ал!
«Спорт – салауатты өмірдің кепілі». Осы ұранды басшылыққа алған жеке кәсіпкер Жанар Бижанова өзі тұрып жатқан қаланың спорт саласына үлес қосуды ойлады. Яғни, әр бала мен ересек адамның денсаулығының жақсы болуына үлес қосуды мақсат тұтты.
Спорт саласында төрт жылдан астам жұмыс істейтін ол жабық және ашық шағын футбол алаңдарын жалға берумен айналысатын. Енді Панфилов ауданы Жаркент қаласында ересектер мен балаларға арналған алғашқы жабық бассейн ашуға шешім қабылдады.
Жаңа жүзу орталығының ауданы 2 мың шаршы метр. Мұнда 40 қызметкер жұмысқа орналасты. Оның ішінде 7 жаттықтырушы, 2 құтқарушы және ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалтуға көмек көрсету, жас жүзушілермен айналысу, олардан Олимпиада чемпиондарын тәрбиелеу үшін білікті даярлықтан өткен алғашқы көмек мамандары бар.
Бассейн үш бөліктен тұрады, олардың әрқайсысы үш жасқа дейінгі балалармен, 4 жастан 8 жасқа дейінгі балалармен, 9 жастан 16 жасқа дейінгі және одан жоғары балалармен айналысуға арналған. Кешен күніне 70 адамға дейін қабылдай алады. Келушілерге ыңғайлы болу үшін 30 орындық асхана, ыңғайлы киім ауыстыратын бөлмелер, техникалық қауіпсіздік құралдары бар. Сонымен қатар, кәсіпкердің тірек-қимыл аппараты проблемалары бар, қозғалысы бұзылған балалармен айналысу жоспары бар.
Қаржыландыру үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ-ға жүгініп, «Самат» жүзу орталығы ашылған жаңа ғимараттың жабдықтары мен жөндеулері сатып алынды. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» шеңберінде «Даму» Қорынан субсидиялау құралын қолдана отырып, кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме төмендетілді.
Инстаграм: Samat_juzu_ortalygy
+7 707 607 90 64
Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Түркебаев көшесі, 3-үй.