Кеңес ал!
«PZSM-KZ» ЖШС (Петропавл құрылыс материалдары зауыты) елде сапалы құрылыс материалдарын өндіру мақсатында 2007 жылғы 15 қаңтарда құрылды. Сол кезден бастап кәсіпорын Қазақстанның құрылыс нарығында сұранысқа ие түрлі өнім түрлерін шығаруды табысты игере отырып, қарқынды дамып келеді.
Қысқа мерзім ішінде «PZSM-KZ» ЖШС түрлі диаметрлі полиэтилен құбырлар, металл плиткалар, гофрлі тақталар, сэндвич-панельдер, металл профильдер, сондай-ақ жылу өткізбейтін құбырлар мен спираль күйдегі ауа өткізгіштер шығаратын желілерді іске қосты. Зауытта өнімдердің кең ассортименті шығартындықтен, елдің қарқынды дамып келе жатқан құрылыс индустриясының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік мол.
«PZSM-KZ» ЖШС өндіріс технологияларын үнемі жетілдіріп, жаңа жабдықтар енгізіп, ассортиментін кеңейтеді. 2009 жылы зауыт өнім сапасының жоғары деңгейін растайтын отандық өндіруші сертификатын алды.
Зауытта өз қойма инфрақұрылымы бар, ғимараттардың жалпы ауданы шамамен 19000 шаршы метрді құрайды, бұл өндіріс процесінің барлық кезеңдерін тиімді ұйымдастыруға және дайын өнімді сақтауға мүмкіндік береді.
Инновациялық тәсіл, клиентке жақсы қызмет көрсетуге ұмтылу «PZSM-KZ» ЖШС-ні Қазақстанның құрылыс саласының көрнекті компаниялары біріне және Солтүстік Қазақстанның құрылыс индустриясының көшбасшысына айналдырды.
Кәсіпорынның тұрақты дамуына мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау маңызды рөл атқарды. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021–2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «PZSM-KZ» ЖШС айналым қаражатын толықтыру үшін «ForteBank» АҚ арқылы бизнес-несие алды. Несиенің бастапқы пайыздық мөлшерлемесі 20,75%-ды құрады, оның ішінде 12,75%-ын «Даму» қоры субсидиялайды, сондықтан кәсіпорын жылына тек 8%-бен ғана төлейді.
Сонымен қатар, «Даму» қоры несиеге ішінара кепілдік берді, бұл қаржы институты үшін тәуекелдерді төмендетіп, қаржыландыруға қол жеткізуді жеңілдетті. Мұндай қолдау, әсіресе, кепілдікке қоятын мүлкі көбіне қымбат жабдықтармен шектелетін өндірістік кәсіпорындар үшін аса маңызды.
Петропавл қ., Әуезов к-сі, 264
+7 (7152) 54 01 24; +7 (747) 777 22 78