Кеңес ал!
Бүгін «Даму» Қорының қолдауымен тараздық кәсіпкер Югай Павел Георгиевич басқаратын «Югай Юг Такси» ЖК автопаркі «Hongqi» маркалы 10 жаңа электромобильмен толықты. Кәсіпкер жыл сайын автопаркін отандық комфорт-санатты автокөліктермен жаңартып отырады. Ал бұл жолы кәсіпкер экологиялық стандарттар мен жасыл жобалар таксономиясы талаптарына сай келетін жаңа электр автокөліктер сатып алды. Компания 2 жылдан астам уақыт бойы «Даму» Қорының бағдарламаларын пайдаланып, «Forte Bank» АҚ-нан несие алып келеді.
«Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында жылына 19,25%-бен несие алып, мемлекеттің субсидиясының арқасында оның 10,25%-ын «Даму» Қоры жапты. Ал айырмасы 9%-ды кәсіпкер өтейді. Сондай-ақ Қор кепілдік те берді.
Павел Югай 10 дана жаңа Hongqi маркалы электр автомобилін сатып алумен қатар, қосымша 10 жұмыс орнын ашты.
«Югай Юг Такси» ЖК – Тараз қаласы бойынша такси қызметін көрсетеді. Электромобильдерге көшу атмосфераға зиянды шығарындыларды азайтып қана қоймай, қызмет көрсету сапасын арттыруға, пайдалану шығындарын төмендетуге, сондай-ақ экологиялық және жайлы қалалық көліктің қазіргі заманғы стандарттарын енгізуге мүмкіндік береді.
Таразда Hongqi электромобильдерін іске қосу – бұл өңірдің тұрақты дамуына, инвестициялық тартымдылықты арттыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға арналған маңызды қадам.
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Байзақ батыр көшесі, 195 а
+7 777 932 99 23