Кеңес ал!
«Plameal» ЖШС – уақыт өте келе нарықтағы өзгерістерге бейімделіп, өндірісті кеңейту және өз позициясын жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктерді пайдалана алған табысты бизнестің тамаша үлгісі. Компания құрылыс индустриясындағы өзгерістерге сәтті бейімделуді ғана емес, сонымен қатар инновация мен жоғары сапаны қажет ететін нарық жағдайында даму мүмкіндігін де пайдаланды.
Жетісу облысында осы салада 10 жыл жұмыс істеген компания металл черепица, шифер, пластик есік-терезе мен конструкцияларын, арматура тор, сондай-ақ басқа да құрылыс материалдарын шығарып келеді. Табыс сыры – тек өнім сапасында ғана емес, сонымен қатар дизайн жағынан да заманауи талаптарға сай болуында. Металл черепицаның артықшылығы – мысалы, эстетикалық алуандығында. Үй немесе мүлік иелері өз жобаларына қолайлы реңк таңдай алады.
Өндірісті кеңейтіп, Алматы қаласында жаңа өндіріс ашу — компанияның дамуға деген ұмтылысын көрсетеді. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несиесін пайдалана отырып. «Даму» қорының «Бірыңғай кешенді бағдарламасы» аясында субсидиялау құралы бойынша несиенің пайыздық мөлшерлемесі жылына 8%-ға дейін төмендетілді, сондай-ақ Қор кепілдік берді.
Несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау компанияларға қаржылық тәуекелдерді азайтуға, одан әрі даму үшін жағдайды жақсартуға және өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл нарықта да жаңа мүмкіндіктер ашады.
Қазір компания айына орташа есеппен:
ПВХ профилінен және алюминий профилінен жасалған терезелер, есіктер, балкондар мен витраждар өндірісі бойынша пластикалық цех – 1092 ш. м.;
Металл черепица –13 000 ш. м.;
Гофрленген тақта – 52 000 ш. м.
Арматор – 39 000 ш. м көлемде шығарып жатыр.
Инстаграм: @plameal.tdk
+7 702 292 08 51, +7 707 244 73 90
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Рақышев көшесі, 15