menu
Жабу

Кеңес ал!

VEGATEX — сенімді терезелер, мықты іргетас, қарқынды даму

Жаңалықтар
02.06.2025

«VEGATEX» ЖШС негізін қалаушы Жәнібеков Абылай Уәлиханұлы 1987 жылы Жезқазғанда дүниеге келген. О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша білім алды. Университет бітіргеннен кейін 2008 жылы Қазкоммерцбанке АҚ-да бастап, 2010 жылдан Каспий банкінде жұмысын жалғастырды. Бұл салада 12 жылдық тәжірибе жинады. Банкте жұмыс істегенде ол кәсіби дағдыларын дамытып қана қоймай, біртіндеп кәсіпкерлікке қызығушылық танытты.

2020 жылдан бастап негізгі жұмысымен қатар сауда қызметімен - терезе-есік жүйелері мен ПВХ бұйымдарын сатумен айналыса бастады. Ол кезде Жезқазғандағы осы бағыттағы нарық дамымаған еді, және Абылай бұл саланың болашағы барын байқады. 2022 жылы ол банктік мансабын тастап, бар уақытын бизнеске арнауға шешім қабылдады. 2022 жылғы 14 сәуірде «VEGATEX» ЖШС-ін ресми түрде тіркеді. Компания атауының астарында терең мән жатыр. «Vega» — Лира шоқжұлдызындағы ең жарық жұлдыздардың бірі, ол айқын бағыт пен даму жолын меңзейді. Ал «tex» — шеберлік пен заманауи технологияны білдіреді. Осылайша, атау кәсіпорын философиясын толық сипаттайды: кәсібилік, сапа және клиенттің өмірін жеңілдетуге ұмтылу.

     Компания алғашқы кезеңде есік-терезе жүйелері мен шыны өнімдерін көтерме және бөлшек саудада сата бастады. 2023–2024 жылдары өнім түрлері кеңейіп, құрылыс материалдары да ассортиментке қосылды. Нарықтағы сұранысты дұрыс бағалап, 2025 жылы Абылай металлпластик терезелер мен есіктерді шығаратын өндірістік цех ашу жөнінде стратегиялық шешім қабылдады. Компания өндірістік базаны жалға алып, жабдықтарды өз қаражаты есебінен сатып алды. Қаржы саласындағы мол тәжірибесі бизнес-жоспар құрып, ресурстарды тиімді басқаруға мүмкіндік берді. Осы мақсатта «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы несие алуға өтініш білдірді. Жоба «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры тарапынан қолдау тауып, «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында 8% жылдық мөлшерлемемен қаржыландырылды.

     Компания үш негізгі қағидатқа сүйенеді: сапа, баға және жылдамдық. Бұл тек ұран емес — әр қызметкер клиенттің әсері оның жұмысына байланысты екенін жақсы түсінеді. Абылай атап көрсетеді:

     «Біз жай ғана терезе сатпаймыз — біз сапалы қызмет ұсынамыз. Біз құрылыс материалдарының дистрибьюторы болғандықтан, бәсекеге қабілетті баға ұсынамыз. Және бәрін тез жасаймыз — клиенттің уақыты біз үшін маңызды».

Сондай-ақ ол мемлекеттік қолдауға деген көзқарасының өзгергенін айтады:

     «Бұрын мемлекеттік бағдарламаларға сенімсіз қарайтынмын. Бірақ кәсіпті бастаған соң көзім жетті: бәрі өзіңе байланысты. Егер сен жауапкершілік алып, адамдармен жұмыс істеуді меңгеріп, бір мақсаттағы команда жасақтап, ресурстарды дұрыс қолдансаң — міндетті түрде жетістікке жетесің».

     Өмірде сенімді команда қандай маңызды болса, отбасы да сондай тірек. Абылай үшін отбасы — басты тіреу. Ол үйленген, үш баланың әкесі: үлкен қызы — 14 жаста, ұлы — 13 жаста, кенже қызы — 6 жаста. Жұбайы да банк саласында қызмет етеді. Ата-анасы — зейнеткерлер, Жезказған халқы арасында сыйлы жандар. Әкесі — Батыс Жезказған кенішінде ауысым шебері, кейін №55 шахтада учаске бастығы болып еңбек етіп, зейнетке шыққан. Анасы — 30 жылдан астам уақыт география пәнінің мұғалімі болған ардақты ұстаз.

     Бүгінде «VEGATEX» ЖШС — өңірдегі тұрақты дамып келе жатқан компанияның жарқын мысалы. Болашаққа жоспар — өндіріс желісін жаңғырту, өнім көлемін ұлғайту және жаңа технологияларды енгізу.

Мекенжайы: Жезқазған қаласы, Сарыарқа көшесі, 4В
Телефон: +7 771 096 1900