menu
Жабу

Кеңес ал!

Пәтерден қонақ үйге дейін: баспана жалдау идеясы қалай бизнеске айналды

Жаңалықтар
02.06.2025

Бұл қонақ үй пайда болу тарихы қарапайым идеядан басталған. Басында кәсіпкер бос бір бөлмелі пәтерді жалға беретін. Қаржылай пайда тұрғысынан тәуліктеп жалға беру ұзақ мерзімді жалға берумен салыстырғанда тиімдірек болып көрінді. Мұндай тұрғын үйге сұраныс жоғары болды. Заманауи жөндеу жұмыстары мен мінсіз тазалық пәтерді жалға алушылар санын күрт арттырды. Тәжірибе жоқтығына қарамастан, пәтер иесі қысқа мерзімді жалдау саласында біртіндеп тәжірибе жинай отырып, қателіктерден сабақ алып, алға ұмтылудан қорықпады.

Бір жылдан кейін оған істі кеңейту идеясы келді. Енді жалға берілетін тұрғын үй ғана емес, тұрақты табысы бар нағыз қонақ үй бизнесін құруға деген ұмтылыс пайда болды. Бұл ой бір жылға жуық пісіп, жетілді. Компанияға қолайлы ғимарат табу оңай болған жоқ, өйткені талаптар жоғары болды. Болашақ қонақтарды орналастыруға қолайлы, тыныш, орталықта болуы керек еді.

Кім жалдайтыны тез шешілді. Ол – іссапар мен іс-шараларға келген қонақтар болатын. Ал ыңғайлы ғимарат табылған кезде келесі кезең — қаржы көзін іздеу басталды. Инвестор тарту жоспарланбағандықтан, өз қаражаты мен банк несиесін қарастырды.

Дайын ғимаратта жөндеу жүргізілгендіктен процесс едәуір қиындады. Көп нәрсені қайта жасау және бейімдеу керек болды. Интерьерді безендіру үшін дизайнер тартылып, құрылыс жұмыстары кәсіби бригадаға тапсырылды. Нәтижесінде бір жылға жуық жұмыс жүрді.

Дегенмен ең қиыны қонақ үйді толыққанды іске қосқаннан кейін басталды. Қонақ үй жұмысында тәжірибе жоқтығы біінді. Білікті қызметкерлер табу, әкімшілер мен қызметшілер, аспаздарға дейін таңдау керек болды. Маркетинг стратегиясын әзірлеу, қонақтарды тарту, жарнамаға айтарлықтай шығындар қажет болды.

2024 жылы «Қазақстан Халық банкінен» несие алғанда «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қарыз алушы үшін мөлшерлемені 9%-ға түсіріп Қор субсидиялады.

"Омарбаева А. С." ЖК

Байланыс телефоны: 8 (705) 511-18-08

Мекен-жайы: Семей қаласы, Найманбаев көшесі 58.

Сайт / Instagram: verde_hotel_semey