menu
Жабу

Кеңес ал!

«Әлия» медициналық орталығының табыс тарихы

Жаңалықтар
02.06.2025

«Әлия» медициналық орталығы» ЖШС 2017 жылдан бері Ақтөбе қаласының тұрғындарына амбулаториялық-емханалық көмек көрсетіп келеді. Жоғары білікті мамандар мен клиентке ерекше көңіл бөлу саясатының орталық қысқа уақыт ішінде қала тұрғындарының көңілінен шықты. Сапалы жеке медициналық қызметтерге сұраныс артуына орай кәсіпкер 2023 жылы орталықты кеңейту туралы шешім қабылдады.

Жобаны «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ қолдап, жылына 21,75%-бен несие берді. «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы аясында мөлшерлеменің 13 пайызын «Даму» Қоры субсидиялады. Нәтижесінде кәсіпкер тек 8,75%-бен қарыз төлейді. Мемлекеттің қолдауы бизнесті шамадан тыс қаржылық ауыртпалықсыз масштабтауға мүмкіндік берді.

Жобаны іске асыру барысында ауданы 180 м2 ғимарат сатып алынды, жөндеу жұмыстары жүргізілді, заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды және жаңа кабинеттер ашылды. «Әлия» медициналық орталығы жалпы дәрігер, кардиолог, гинеколог, уролог, эндокринолог дәрігерлер, ультрадыбыспен диагностикалау (УДЗ), электрокардиография (ЭКГ), инъекциялық және физиотерапиялық бейіндегі процедуралар қызметін ұсынады.

Орталық кеңейгеннен соң алғашқы алты айда қызмет алатын пациенттер саны 60%-ға өсті. Орталық Ақтөбеде жеке медицинаның маңызды элементіне айналды, қала тұрғындарына жоғары деңгейдегі сервис пен білікті көмек ұсынды.

Ақтөбе қаласы, А. Молдағұлова даңғылы, 56д, 2-корпус

+7(701)-523-39-93

Сайт: aliyacenter.kz