menu
Жабу

Кеңес ал!

Camelot Corporation LTD компаниясының табыс тарихы: әр үйде бір кесе шай

Жаңалықтар
03.06.2025

«Camelot Corporation LTD» компаниясы 2015 жылы Алматы қаласында шай мәдениетінің бай дәстүрлерін заманауи технологиялармен ұштастыра отырып, сапалы өнім жасау мақсатында құрылды. Алғашқы күннен бастап компанияның мақсаты – адамдар сеніммен таңдайтын, дәмді, сапалы әрі қолжетімді шай өндіру болды.

WhatsApp Image 2025-06-02 at 12.40.00.jpeg

Компания өз жолын минимум жабдықпен және бар күш-жігерімен бастады, алайда жетілуге деген талпыныс тоқтауға мүмкіндік бермеді. Уақыт өте жоғары технологиялық, толық автоматтандырылған және заманауи компьютерлік басқарумен жабдықталған фасовкалау желісі сатып алынды. Бұл жабдық өндірістің әрбір кезеңін — мөлшерлеуден бастап, пакетшенің өлшемі мен қаптамадағы нақты күнге дейін — бақылауға мүмкіндік берді.

Осы тәсіл компания өнімінің тез танылуына, сұранысқа ие болуына және ең бастысы — тұтынушылардың сүйіспеншілігіне бөленуіне әкелді. Компанияның ассортименті кең: премиум сыныптағы Ceylon Earl Gray Queen шайынан бастап, қолжетімді әрі сапалы Seasons Traditional Kenya мен Select Queen брендтеріне дейін әртүрлі талғам мен талаптарға жауап береді. Бүгінде компания жай ғана шай өндірмей, әрбір кеседе жылы эмоция мен жайлылықты жеткізуде. Өз брендтері тұрақты сапаның белгісі болып, клиенттік базасы жыл сайын өсіп келеді.

2021–2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында «Даму» Қоры тарапынан қолдауының көрсетуі «Camelot Corporation LTD (Камелот Корпорэйшн ЛТД)» дұрыс бағытта дамып келе жатқандығын дәлелдеді. АО «Қазақстан Халық Банкі» арқылы 268 млн теңгеден астам қаржылық қолдау алынды. Бұл қаражат инвестициялық жобаларға және айналым қаражатын толықтыруға, оның ішінде жабдықты жаңартуға, өндіріс қуатын арттыруға және логистикалық инфрақұрылымды нығайтуға жұмсалды. Несие бойынша пайыздық ставкасының бір бөлігінің субсидиялануы қаржыландыру тиімділігін арттырды.

Осы инвестициялар компанияға нарықтағы орнын нығайтуға, өндіріс процестерін жетілдіруге және тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыруға мүмкіндік берді. Бүгінде «Camelot Corporation LTD(Камелот Корпорэйшн ЛТД)» ЖШС — тұрақты дамып келе жатқан, технологиялық жаңашылдық пен өз ісіне деген адалдықты үйлестіретін компания. Бұл тек кәсіпкерлік емес — сонымен қатар отандық өндірісті дамытуға, халықты жұмыспен қамтуға және Қазақстанның әлемдік деңгейдегі сапалы өнім шығаратын ел ретінде беделін арттыруға қосқан үлес.

10 жыл ішінде «Camelot Corporation LTD (Камелот Корпорэйшн ЛТД)» ЖШС — жай ғана өндіріс орны емес, сенімді әрі құрметке ие брендке айналды. Бұл — идеяға деген сенімнің, сапаға ұмтылудың және кәсіби адалдықтың айқын көрінісі.

Сайт: sales@camelotcorpuk.com

Мекен жайы: Алматы қаласы, Достық д-лы, 53

Байланыс телефондары : +7 775 897 7691