Бизнеспен айналыса бастаған шағында кәсіпкер Корж Антон Андреевичтің жеңілісі мен жеңісі қатар жүрді. Бірақ құлаған кезінің барлығында ол еңсесін тіктеуге ұмтылатын.
Өз бизнесін бастағанға дейін Антон басшылық қызметте тәжірибе жинап, сату саласында көп жыл жұмыс істеді. Бірақ өз бизнесін бастау жайлы идеясы оны тұрақты, айлығы жоғары жұмысын тастап, миллион теңге несие алып кәсіпкерлікке кетуге алып келді. Мәскеуде тұрған кезінде ол Мәскеу-Қазан бағыты бойынша жолшыбай адам алып кететін және бұл табысты сала екенін байқады. Қалаларалық таксопарк құру жайлы идея сл кезде келген. Павлодар қаласына оралғаннан кейін Антон досымен бірге Павлодар-Екібастұз-Павлодар бағыты бойынша автовокзалдан жолаушылар тасымалын іске қосады. Бұл бизнес бастаудың алғашқы, сәтсіз тәжірибесі еді. Себебі Антон ол кезде жол сапасын ескермеген. Жол сапасы өте нашар болғандықтан түскен ақшаның көп бөлігі екі спринтерді жөндеуге кететінеді. Бизнесі аса табысты болмады.
Трасса жасалған кезде Антон жолаушылар тасымалы бизнесіне қайта оралды. 18 орындық сегіз автобус қалалық автовокзал үшін жақсы бәсекелестік тудыруы мүмкін еді. Бірақ мұнда да бизнес сәтсіздікке ұшырады. Антон оңай беріле салатын адам емес. Ол бұрынғы қателіктерді ескере отырып, істі соңына дейін апаруға шешім қабылдайды. Антон Корж қалааралық тасымалдаулар бойынша маршруттық такси ашады. Кәсіпкер бүгінгі таңда көп адам жайлылықты бірінші орынға қойып, сол үшін қосымша ақы төлеуге дайын деп түсінеді.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында шағын автобустар сатып алды. 15 млннен астам теңгені ЦентрКредит Банк арқылы алды. Бағдарлама бойынша мөлшерлеме 14%, оны ішіара мемлекет субсидиялайды, ал «Даму» Қоры несиеге 85% мөлшерінде кепілдік берді.
Бизнесінің сәтті болуын Антон өз ісіне деген сенімде деп санайды. Оның айтуынша, табысқа жету үшін өз ісін сүйіп, сол үшін жанын салу керек. Бизнес иесі жұмысқа бірінші болып келіп, елдің соңынан кетуі керек. Процестің барлық кезеңін бақылауы тиіс.
- Егер адам сүймеген ісімен айналысса, нәтижесі сәтті болмайды,-дейді Антон Корж.
Кәсіпкер қазір команда жинаумен айналысуда. Сондай-ақ бүкіл процесті ретке келтіру және адами факторды барынша азайту үшін жұмыс барысын толық автоматтандыруды көздейді. Болашақта клиент билеттерді онлайн режимінде сатып ала алады.