menu
Жабу

Ауылда жылыжай ашқысы келген кәсіпкерлерге лайфках

Жаңалықтар
06.09.2019

Ауылшаруашылығы саласындағы жобасын сәтті жүзеге асырған Маңғыстаулық кәсіпкер Ізбасаров Жәнібек Артықбайұлы осы салада іс бастап, дамытам деген жас кәсіпкерлерге бірнеше лайфках ұсынады.

IMG_0256.jpg

Өзінің арманын, бизнес-идеясын жүзеге асыру барысында кәсіпкер ең алдымен өсірмек болған өнімінің, атап айтқанда қиярдың сапасына сүйенді. Сапа - көкөністің дәмі мен пайдалы қасиеттері. Сондықтан кәсіпкердің аграрлық салада бірінші кеңесі: «Органикалық тыңайтқыштарды пайдалану».

IMG_0258.jpg

Іс жүзінде қиярды кез келген қопсымалы жерде өсіруге болады. Дегенмен қияр жеңіл және гумусқа бай топырақты сүйеді.

Екінші лайфхак «Тұқымнан ақша аямаңыз». Көшет тұқымын таңдағанда, кәсіпкер қымбаттау болса да тек Ресейдің жеткізушілеріне арқа сүйейтінін айтады. Олар өнім сапасына кепілдік береді, есесіне өзі де ойынына шығатын өнім алады.

Ал, үшінші мотивация беретін лайфхак: «Мақсатыңа жетпей тынба». Бұл ұсыныс өзінің мақсатына жету үшін түрлі мемлекеттік қолдау құралдарын пайдаланған жеке тәжірибесіне байланысты. Мысалы кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы «Даму» қорының өңірлік «Нұр Капитал» бағдарламасы бойынша несие алды. Бағдарламаның шарты бойынша клиент жылына 8,5% мөлшерінде қаржы алды. Оның 7,5%-ын жергілікті бюджет субсидиялады. Кәсіпкер қазір жылына 1%-бен несие төлейді.