Кеңес ал!
Арайлым Вахишева – мамандығы бойынша педагог, ал болмысы – кәсіпкер. Күндердің бір күні ол тағдыршешті қадам жасап, тек өз күшіне сеніп, кәсіпкерлік деген қызықты да, қиын, беймәлім әлемге бет бұрды. Бұл қадам жылдар өте келе әйел кәсіпкерлігінің, рухани мықтылықтың және өз ісіне сенудің тарихына айналды.
Ол кезде Арайлым небәрі 23 жаста болған. Күйеуі, бір жарым жастағы сәбиімен жалдамалы пәтерде тұратын. Тұрмыстағы қиындықтар мен бастапқы капиталдың жоқтығына қарамастан, ол білім беру орталығын ашуға бел буды. Көп адам: «Шамаң жете ме? Басыңды тәуекелге тігу емес пе?» – деп күмәнданды. Бірақ Арайлым жалдамалы жұмыс – өз жолы емес екенін жүрегімен сезінді. Қоғамға пайдалы іс жасап, дамытуға, өзгертуге және құруға деген ішкі ұмтылыс қорқыныштан басым түсті.
Бюджетсіз, командасыз, бірақ идеясына деген зор сеніммен және жақындарының қолдауымен ол бәрін нөлден бастады. Тоғыз жыл бойы оның орталығы жалға алынған ғимараттарда жұмыс істеді. Бұл – сынақтарға толы, үздіксіз еңбек пен өзін-өзі дамытудың жолы болатын.
Бір жыл бұрын маңызды оқиға болып, өз ғимаратына қол жеткізді. Мемлекеттік қолдаудың – «Біріңғай кешенді бағдарлама» және «Даму» қорының арқасында АО «Банк ЦентрКредит»-тен жылдық мөлшерлемесі 19,75% болатын несие алынды, оның 10,75%-ын қор субсидиялайды. Бұл ғимаратты сатып алу – жай ғана инвестициялық жетістік емес, сонымен қатар табандылықтың, қиындықтарды жеңу жолы, әрі еңбектің нәтижелі екендігінің дәлелі болды.
Бүгінде Арайлым Вахишеваның білім беру орталығы – жүздеген бала білім алатын тұрақты әрі сұранысқа ие жоба. Бұл – мықты команда, мінсіз бедел мен ата-аналардың сенімі. Арайлым барлық қиындықтарға қарамастан, бизнесті нөлден бастағанына және ешқашан кері шегінбегеніне мақтанышпен қарайды.
Алайда бұл – оның жеткен шегі емес, тек жаңа кезеңнің бастауы ғана. Алда – жаңа жобалар, кеңею және үлкен мақсаттар. Оның миссиясы өзгеріссіз: балаларға болашағын өзгертетін сапалы білім беру.
Арайлым Вахишева мемлекеттің қолдауымен және «Даму» қоры ұсынатын бағдарламалар арқылы бұдан да биік белестерге жетуге болатынына сенімді. Оның өмір жолы – жеке бастама, табандылық пен сенім, тұрақты әрі қоғамға пайда әкелетін бизнеске қалай айналатынының жарқын үлгісі.
БҚО, Орал қаласы, Северо-Восток 2 ш.а., 28/1
Телефон: +7 775 461 70 36
instagram: @yesconsultingcenter