menu
Жабу

Кеңес ал!

«EAST SMILE» – отбасылық стоматология

10.06.2025

«EAST SMILE» ЖШС – заманауи стоматология. Тіс емдеп, жұлып, протездеумен айналысады. 2009 жылы Семей медицина академиясын «дәрігер-стоматолог» мамандығы бойынша бітірген Арай Еркімбекова 2021 жылы клиника ашуға бел буған. 12 жыл дәрігер-стоматолог болып жұбайымен бірге жұмыс істегеннен кейін олар өзіне үй-жай, жабдық сатып алып, кәсіпкерлікке бет бұруға шешім қабылдады. Бірақ арманын жүзеге асыру үшін қаражат жеткіліксіз болды.

Арай Еркімбекова «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ға хабарласып, 2024 жылдың қазан айында 19,25%-бен несие алды. Бірыңғай кешенді бағдарламаның «Шағын және орта бизнесті қолдау» бағыты аясында коммерциялық екінші жылжымайтын мүлік объектісін сатып алу үшін алған қарыздың 9%-ын кәсіпкердің өзі төлейді, ал 10,25%-ын «Даму» қоры өтейді.

Бүгінгі күні олардың стоматологиясы жай ғана бизнес емес, адамдар сапалы көмек алатынына сенімді орын. Олардың тарихы өз ісін армандайтын, бірақ бірінші қадам жасаудан қорқатын көп адамға шабыт береді. 2025 жылдың мамыр айында қаланың қарқынды дамып келе жатқан аудандарының бірінде отбасылық бизнестің екінші филиалы ашылды.

+7 777 735 66 99

ШҚО, Өскемен қаласы, көкжал Барақ көшесі, 19/1.