menu
Жабу

Кеңес ал!

«Даму» Қорының қолдауымен Шымкентте «Атамекен» балалар оңалту орталығы ашылды

10.06.2025

Балаларының толыққанды дамуына барынша мүмкіндік бергісі келетін ата-аналар үшін қуанышты жаңалық – Шымкентте «Атамекен» балалар оңалту орталығы есігін айқара ашты! Бұл тек оңалту орталығы ғана емес, әр балаға жеке көзқарас танытылып, жан-жақты қолдау көрсетілетін мейірімділік пен кәсіпқойлықтың ордасы.

Орталықта төрт уақыт тамақтану, массаж сеанстары, емдік дене шынықтыру (ЛФК) және физиотерапия, Монтессори әдістемесі бойынша сабақтар, арт-терапия және музыка терапиясы қарастырылған. Сондай-ақ кәсіби жаттықтырушы жетекшілігімен бассейнде жаттығулар, нейропсихолог және логопедпен сабақтар өткізіледі. Ең бастысы – тек физикалық оңалту ғана емес, әлеуметтік дағдыларды дамытуға көмектесу. Сонымен қатар әр баланың ерекшеліктерін ескеретін глютенсіз тамақтану қарастырылған. Оңалту орталығының дәрігерлері – жай ғана мамандар емес, балалардың шынайы достары!

Тәулік бойы стационарлық емдеу кезінде мультидисциплинарлық мамандар командасы әр балаға жеке оңалту жоспарын әзірлейді.

«Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарлама аясында орталық 2023 жылы «Bank RBK» АҚ-дан құрылыс-монтаж жұмыстары мен негізгі құрал-жабдықтарды сатып алуға қаржы алды. Жылдық мөлшерлеме 21,5% құрайды, ал оның 12,75%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды.

«Атамекен» орталығы – бала өзін науқас сезінбейтін, керісінше, қамқорлық пен мейірімге бөленетін орын!

Телефон: +7 707 652 42 07, +7 747 875 23 29

Мекенжай: Шымкент қаласы, Астана ықшам ауданы, ғимарат 103, 1-қабат

Инстаграм: @rckidsatameken