menu
Жабу

Кеңес ал!

Тараз қаласында «Империя» сауда маркасымен жаңа балмұздақ шығарылып жатыр

13.06.2025

Талипов Патохберді Құдайбергенұлы балмұздақ өндірісін ашу үшін «Империя» атты жеке кәсіпкерлік нысанын 2008 жылғы 24 желтоқсанда тіркеді.

Компания құрылған сәттен бастап тұтынушыларды санитарлық және технологиялық стандарттарға сәйкес келетін сапалы және дәмді өнімдермен қамтамасыз етуге ұмтылды. Өндіріс заманауи жабдықтар мен табиғи ингредиенттермен жұмыс істейді.

2024 жылы Патохберді Талипов балмұздақ шығаратын цехтағы жабдықтарды жаңартуды шешті. «Даму» КДҚ АҚ Жамбыл филиалына хабарласып, несиеге керек барлық қажетті ақпаратты алған кәсіпкер құжаттарын Тараз қаласындағы «ForteBank» АҚ-ға тапсырды. Банк қарыз берген соң жобаны «Даму» қоры да қолдап, «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия құралы аясында пайызын өтеп берді.

Қаражатты кәсіпкер жабдық жаңғыртуға, өнім ассортиментін арттыруға және өнім көлемін ұлғайтуға жұмсады.

«Даму» қорының қолдауы мен тиімді басқарудың арқасында «Империя» ЖК өз қызметін ойдағыдай кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірдің тамақ өнеркәсібін дамытуға үлес қосуда.

Тараз қаласы, Мәмбет батыр көшесі, 4 Б.

+7 700 111 85 01