Кеңес ал!
2024 жылы Ақтау қаласында жаңа стоматологиялық клиника — ARD-Dent ашылды. Бұл клиника 20 жылдан астам тәжірибесі бар дәрігерлер — Константин Ардинцев пен оның жұбайы Роза Ардинцева негізін қалаған отбасылық жоба. Бұл тек кәсіп емес, бұл – кәсіби жол, өз ісіне деген сүйіспеншілік пен дәрігерлік борышқа адалдықтың тарихы. Клиника 27-шағын аудан, 71-үйде орналасқан. Осы мекенжайда бұған дейін де стоматология болған, онда дәрігер Роза Ардинцева 14 жылдан астам уақыт жұмыс істеген. Қазір ол сол жерде өзі пациент қабылдап, ем жүргізуде. Оның жұбайы Константин Ардинцев — тіс технигі мамандығы бойынша білім алған. Ол 2000 жылы «Меридиан» колледжін бітіріп, түрлі стоматологиялық мекемелерде жұмыс істей жүріп, мол тәжірибе жинақтады. Кейін 12 жылдан астам жеке тіс техникалық зертханасын басқарды. Бүгінде Константин клиниканы басқарып қана қоймай, ортопедиямен айналысып, тіс протездерін өз зертханасында дайындайды. ARD-Dent төмендегідей терапиялық және ортопедиялық қызметтерді ұсынады:
Ересек пациенттерге тіс емдеу
Протездеу: алынбалы және тұрақты конструкциялар
Металлокерамика, металлсыз керамика, бюгель протездерін дайындау
Әр пациентке жеке көзқарас пен кешенді ем жүргізу
Клиниканың басты артықшылықтарының бірі — өз тіс техникалық зертханасының болуы. Бұл сыртқы мамандарға жүгінбей-ақ, протездерді жылдам әрі дәл жасап шығаруға мүмкіндік береді. Клиника әлеуметтік желілерде белсенді болмаса да, тұрақты дамып келеді. Пациенттердің негізгі көзі — ұсыныс пен жағымды пікірлер. Көптеген клиенттер дәрігерлермен жеке тәжірибесінен кейін келіп жатады, ал кейбіреулері Роза Ардинцевадан ем алуды 10 жылдан бері жалғастырып келеді.
2023 жылы бұрын жалға алынған ғимаратты сатып алу туралы шешім қабылданды. Бұл «2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қолдауымен жүзеге асырылды. Несие мөлшерлемесі жылдық 20,75%-ды құрады, оның ішінде 8%-ын кәсіпкер төлейді, ал 12,75%-ын «Даму» қоры субсидиялайды.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 27-шағын аудан, 71-үй
Телефон: +7 702 596 25 08