menu
Жабу

Кеңес ал!

«Yelemessov Dental Lab: цифрлық стоматология әлеміндегі көшбасшы»

22.05.2025

«ЕлемесовЛаб» ЖК кәсіби тәсіл, инновациялық технологиялар мен мінсіз сервистің үлгісі ретінде ерекшеленеді. Клиенттерге қамқорлық, жеделдік және мерзімдерді қатаң сақтау қағидаттарына негізделген цифрлық тіс техникалық зертханасы Қазақстанның тіс техникасы индустриясындағы жетекші мекемелердің бірі саналады. Бұл зертхана озық технологиялар мен кәсіби қызметтің жоғары стандарттарын табысты іске асырудың жарқын мысалы десе де болады.

«Yelemessov Dental Lab» стоматологиялық зертханасы инновациялық цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, жоғары сапалы стоматологиялық құрылымдар шығаруға маманданған. Бұл зертхана Қазақстандағы нарықтағы бірегейлігін ерекше атап өткен жалғыз цифрлық зертхана. Компания стоматологиялық зертханасының операциялық қызметінің негізгі элементі – цифрлық технологияларды қолдану. Зертхана заманауи 3D сканерлеу жүйелерімен жабдықталған, бұл жеке протездерді жасау кезінде ерекше егжей-тегжейлі және дәлдікті қамтамасыз етеді. Сертификатталған жоғары сапалы материалдарды пайдалану стоматологтар мен соңғы тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыратын өнімнің ұзақ мерзімділігіне, функционалдылығына және халықаралық стандарттарға сәйкестігіне кепілдік береді.

Заманауи цифрлық стоматологиялық зертхана жоғары біліктілікті ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылуды қажет етеді. 2021 жылы ЕлемесовЛаб ЖК қарқынды дамуы жағдайында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан алынған қарыз қаражатының арқасында, сондай-ақ «ДАМУ «Кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның қолдауымен» 2021-2025 жылдарға арналған «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында тіс-техникалық зертхананы, яғни хирургиялық және ортопедиялық құрылғылар өндірісін жақсартып дамытты.

Yelemessov Dental Lab зертханасы стоматологиялық өнімдерді өндірудегі жаңа эталондарды белгілеп, Қазақстандағы денсаулық сақтау саласындағы цифрлық трансформацияның әлеуетін растай отырып, өзін өз саласында көшбасшы ретінде көрсетті.

Мекен-жайы: Астана қаласы, Е-67 көшесі, 6 үй

Instagram: @yelemessovdental

Телефон: +7 702 788 22 21