menu
Жабу

Кеңес ал!

Іспен келген махаббат: «Ақ Жайық Құс» компаниясының табыс тарихы

Жаңалықтар
20.06.2025

Адамдарға шынайы пайда әкелетін кез келген істе жай ғана бизнес емес, одан да маңызды нәрсе болады. Ол — істі адал атқаруға деген ұмтылыс, еңбекке деген құрмет пен сапаға шын ниетпен қарау. Дәл осындай құндылықтармен дамып келе жатқан «Ақ Жайық Құс» кәсіпорны бүгінде сапалы тауық етін ұсына отырып, мыңдаған отбасының сеніміне ие болды.

Кәсіпорын құс өсірумен тікелей айналыспаса да, «Ақ Жайық Құс» ұжымы сапалы өнім әр кезеңдегі дұрыс көзқарастан басталатынын жақсы түсінеді. Сондықтан мұнда тексерілген, санитарлық және ветеринарлық талаптарды қатаң сақтайтын құс фабрикаларын мұқият таңдайды. Ал одан кейін басталатын негізгі жұмыс — сапалы өңдеу, заманауи жабдықтар және барлық кезеңдердегі қатаң бақылау.

Әрбір ет партиясы — ойланып істелген, адал еңбектің нәтижесі. шикізаттың қабылдануынан бастап қаптамаға дейін — бәрі бақылауда, бәрі жан-тәнмен жасалады. Бұл жерде сенімді: егер істі адал әрі жауапкершілікпен атқарсаң, ол міндетті түрде бағаланады.

Қазіргі жағдайда, әсіресе азық-түлік саласында даму оңай емес. Бірақ «Ақ Жайық Құс» өз жолында сенімді серіктес — «Даму» қорын кездестірді, ол кәсіпорынға үлкен қолдау көрсетті. Әсіресе, 2023 жыл маңызды кезең болды: «2021–2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында кәсіпорын «Нұрбанк» АҚ арқылы қаржыландыру алды. Бұл бағдарлама шеңберінде несиенің пайыздық мөлшерлемесі «Даму» қорының субсидиялау құралы арқылы төмендетілді, ал кепілдік қамтамасыз ету жетіспеген жағдайда Қор өз кепілдігін берді. Бұл кешенді шешім кәсіпорын үшін нақты өсім нүктесіне айналды.

Алынған қаражат өндірісті кеңейтуге, заманауи жабдық сатып алуға, жаңа өнім желілерін іске қосуға және қаптаманы жаңартуға бағытталды. Бұл кәсіпорынның дамуына күшті серпін беріп, тұтынушылардың сенімін одан әрі нығайтуға мүмкіндік берді.

«Біз әрқашан сапа мен сенімділікті басты орынға қойдық. «Даму» қорының қолдауы бізге сенімді қадам жасауға және көкжиекті кеңейтуге көмектесті. Осы мүмкіншілік үшін алғысымыз шексіз», — дейді кәсіпорын басшысы.

Бүгінде «Ақ Жайық Құс» — тұрақты, дамып келе жатқан, өз ісіне берілген командадан тұрған кәсіпорын. Бұл — сапаға деген сүйіспеншілік, табандылық пен уақытында көрсетілген қолдаудың нағыз табысқа қалай жеткізетінінің тарихы. 

Мекенжайы: БҚО, Бәйтерек ауданы, Мичурин ауылы, Придорожная көшесі, 31 үй
Телефон: +7 708 209 72 42
Instagram: akzhaiykkus_