Кеңес ал!
Көлік инфрақұрылымында жаңа технологияларды дамыту – және қолдану елдің экономикалық өсуінің негізгі бағыттарының бірі. Осы тұрғыда жол жабынының сапасы мен ұзақтығын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы құрылыс материалдарын пайдалану ерекше маңызға ие.
Бүгінгі күні жолдарды салу және жөндеу кезінде асфальт-бетон және қиыршық тас-мастикалық қоспаларға арналған толтырғыш ретінде қолданылатын минералды ұнтақ кеңінен таралған.
Құрылыс материалдары нарығында 3 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан «Asia Stal Group» ЖШС Атырау облысындағы минералды ұнтақ өндірушілердің бірі. Компания физикалық-химиялық қасиеттері бойынша ерекшеленетін және қолданудың түрлі салаларына арналған МП1 мен МП2 шығарады. Минералды ұнтаққа сұраныс жол құрылысы мен жөндеу көлеміне, сондай-ақ жол жабындарының сапасына қойылатын талаптарды қатаңдатуға тікелей байланысты.
«Asia Stal Group» ЖШС өндіретін минералды ұнтақтың артықшылықтары:
• Асфальтбетонның жоғары беріктігі және тозуға төзімділігі. Оңтайлы гранулометриялық құрам және жоғары физикалық-химиялық сипаттамалар берік және ұзақ мерзімді жабындарды жасауға ықпал етеді.
• Жақсартылған пайдалану сапасы. Минералды ұнтақ суға және аязға төзімділікті, сондай-ақ жол жабынының әртүрлі деформацияларға төзімділігін арттырады.
• Экологиялық тазалық. Экологиялық таза шикізат пен қазіргі заманғы технологияларды пайдалану қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.
• Стандарттарға сәйкестігі. Барлық өнім ГОСТ талаптарына және басқа да қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес келеді.
Өндірісті кеңейту және жабдықтарды жаңғырту үшін компания екінші деңгейлі банкке өтінішпен жүгініп, Бизнесті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасы шеңберінде «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның мақұлдауын алды. Кредит бойынша бастапқы мөлшерлеме жылдық 20,25% -ды құрады, оның 12,25% -ын «Даму» қоры субсидиялайды, бұл компанияға жылдық 8% -ын ғана төлеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қор кредит сомасының 46% -ына кепілдік берді, бұл жобаның қаржылық тұрақтылығын айтарлықтай арттырды.
«Asia Stal Group» ЖШС негізгі тапсырыс берушілері асфальт-бетон қоспаларын өндіруге, жолдарды салуға және жөндеуге мамандандырылған Атырау облысының ірі және орта жол-құрылыс ұйымдары болып табылады.
Мекен жайы: Атырау қаласы, Әуэзова көшесі,80
Тел:87026764419
Эл пошта:asiastal@mail.ru