menu
Жабу

Кеңес ал!

Ағаштан жасалған, баланы дамытатын ойыншықтар: «Bala-Boom»

17.06.2025

Саратова Наталья Юрьевна «Bala-Boom» брендімен 2019 жылдан бастап ағаштан дамытушы ойыншықтар өндіру айналысады. Оқу бітірген соң Наталья Саратова «Интерактив Корпорейшн» АҚ Маркетинг жөніндегі директоры болып жұмыс істеген. 2012 жылы «Элсиор» ЖШС директоры және құрылтайшысы атанды. Осы уақыт аралығында жұбайы Михаил Анатольевичпен бірге «Hape Group» дамытушы ойыншықтар холдингінің Қазақстандағы дистрибьюторы болды. Біраз уақыттан кейін дүкен офлайн форматта жұмысын тоқтатқанда Қытайға барып Еуропа брендтерімен ойыншық шығаратын өндірушілерді тартуға Қазақстанға әкелуге тырысты. Алайда Шанхайда келіссөздер жүргізу барысында олар еуропалық ойыншықтар қалай өндірілетінін көріп, мұндай кәсіпорында Қазақстанда өздері-ақ ашу идеясы пайда болды. Сөцтіп, 2017 жылы «Bala-Boom» дамытушы ойыншықтар брендінің негізін Наталья Саратова құрып, өндіріс ашты.

Кәсіпкер айналым қаражатын толықтыру қажет болғанда «Даму» Қорына жүгінді. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында ол кезде кәсіпкер қарызын "Қазақстан Халық банкінен" алғңан несиесінің мөлшерлемесін тек 6%-бен төлейтін етіп субсидиялай алды. Айырмашылықты мемлекет «Даму» Қоры арқылы өтеп берді.

«Bala-Boom» ойыншықтарды мемлекеттік білім беру стандарттарына сүйене отырып жасайды. Ол үшін тәрбиешілерді, ғалымдарды, әдіскерлерді, суретшілер мен дизайнерлердің басын қосатын «SANALY URPAG» ұлттық қауымдастығы құрылды. Бүгінде «Bala-boom» қазақ және орыс тілдерінде ойыншықтардың 250-ден астам түрін шығарады. Бұл экологиялық таза, қауіпсіз ойыншықтар және сенсормоторлы даму кешендер.

+7 705 305 7777

ШҚО, Өскемен қаласы, Джек Лондон көшесі, 413