Кеңес ал!
HABA KZ – сапаға, тұтынушы сұранысына және отандық өндіріс дамуына негізделген табысты отбасылық бизнес. Компанияның іргетасы 2008 жылы қаланды. Оның негізін жеке кәсіпкер Илес Жұмаханулы қалады. Бұған дейін жиһаз өндірісінде жұмыс істеген кәсіпкер халық арасында матраска деген жоғары сұранысты байқап, осы бағытта арнайы өндіріс орнын ашуға шешім қабылдады. 2017 жылы кәсіп алға жылжып, HABA KZ ЖШС болып қайта құрылды. Осы сәтте компания «HABA KZ матрастар фабрикасы» атты сауда белгісін (бренд) ресми түрде тіркеді. Бұл жаңалық компания үшін жаңа даму кезеңінің бастауы болды. 2018-2020 жылдар аралығында кәсіпорын «Даму» қоры мен «Нұр Капитал» мемлекеттік бағдарламалары арқылы қайта қаржыландырылып, жаңа технологиялық жабдықтармен толық жабдықталды. Бұл өндірістік қуатты арттырып, матрастың жаңа түрлерін көп көлемде шығаруға мүмкіндік берді. Бүгінде кәсіпорында 10-нан астам тұрақты жұмысшы еңбек етеді. Олардың шеберлігі мен тәжірибесі өндірістің сапалы әрі тапсырысқа бейімделген өнім шығаруына тікелей әсер етеді. Компанияның қазіргі құрылтайшысы – Лес Тазагүл, ал директоры – Нұралы Құлжанов. Ерлі-зайыптылар бірге жұмыс істей отырып, компанияны дамытуда және отандық нарықта сапалы өнім ұсынуда үлкен еңбек сіңіріп келеді.
HABA KZ матрастары нарықтағы басқа өнімдерден өзінің жекелей тапсырыспен жұмыс істеу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Фабрикада көптеген бөлшектер қолмен жасалады, бұл клиенттің қалауына қарай:
кез келген биіктікте, өлшемде, дөңгелек, сопақ тәрізді және қажетті құрылымда матрас жасап шығаруға мүмкіндік береді.
2023 жылы HABA KZ бренді «Атамекен» ҰКП ұйымдастырған байқауда «Халық тұтынатын үздік тауар» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Бұл марапат – компания жұмысына берілген лайықты баға. Болашақта HABA KZ өндіріс ауқымын кеңейтіп, өнім түрлерін арттыруды және экспорт бағытына шығуды мақсат етеді. Компания үшін басты қағидалар – сапа, сенім және тұтынушыға деген жеке көзқарас.
HABA KZ компаниясы 2025 жылы «Даму» қорының кепілдігімен және «ForteBank» АҚ қолдауымен мемлекеттік бағдарламасы аясында матрас өндірісін кеңейту мақсатында айналым қаражатын толықтыруға арналған несие алды.
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, 3-өнеркәсіп аймағы, 80/1
Тел: +7 775 362 29 10
Instagram: @matras_haba