Кеңес ал!
2018 жылы Жаксылыковтар отбасы жеке кәсіпкерлік нысанын тіркеп «Global Plast» брендімен өнім шығара бастады. Ерлі-зауыптылар идеялары өнімді бизнеске жылдам ұласып кетерін бастапқыда елестетпеген де. Пластмассаны қайта өңдеу және орау технологиялары саласында терең білімі бар олар әртүрлі салада қажет жоғары сапалы қаптама жасау ісіне бел шеше кірісті. Сөйтіп, «Global Plast» брендімен сыртқы факторларға төзімді, тұтынушылар үшін қауіпсіз, заманауи талаптарға сай қаптамалар жасай бастады.
Өндірісте заманауи технологиялар мен жоғары сапалы шикізат пайдаланылады. Өндіріс процесінің әр кезеңі – дизайн әзірлеуден қаптама болып шыққанша команда ұсақ-түйектің бәріне мән берді. Нәтижесінде – өнімді қаптап қана қоймай, оны дара етіп көрсететін қаптама шығады. «Жақсылықов» ЖК қалдықтар мөлшерін азайтып, қайта өңделген материалдарды пайдалана отырып, экологиялық таза технологияларды белсенді түрде енгізуде. Бұл саясат эко санасы жоғары тұтынушылар мен бизнес арасында зор қызығушылық тудырды.
Құрылған күннен бастап компания Қазақстандағы және шетелдегі көптеген ұйымдардың сеніміне ие бола отырып, өзінің клиенттік базасын айтарлықтай ұлғайтты. Компанияның жетістігінің дәлелі – разы болған тұтынушылар мен сауда көлемінің өсуі.
2022 жылы «Жақсылықов» ЖК «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан алынған қарыз қаражатының арқасында, сондай-ақ , «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-нан «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында пайыздық мөлшерлемені 21%-дан 8%-ға дейін төмендетуге бағытталған субсидия мен кепілдік құралы бойынша көмек алды. Global Plast өз айналымын ұлғайтты және тауарларға арналған пластикалық қаптамаларды өндіру қызметін дамытты. Бүгінгі таңда өндірілетін тауардың қуаты айына 4 500 000 бірлікті құрайды.
Global Plast – қарапайым компания емес, қиындықтарға, инновацияларға және болашаққа жауапкершілікке, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізуге және халықаралық аренадағы ұстанымдарды нығайтуға дайын біртұтас ұжым.
Адрес: Астана қ, Көктал к-сі, 15-үй
Instagram: @globalplast.kz
Телефон: +7 707 601 40 90