menu
Жабу

Кеңес ал!

ЖК «Костоурова» — үйдің тоқыма бұйымдарын шығарады

20.06.2025

Павлодарлық кәсіпкер Жанар Мендғалиқызы Костоурова 2021 жылы маңызды шешім қабылдап, жеке тігін шеберханасын ашып, кең көлемді жобаға кірісті. Мақсаты – әр адам өз үйіне арналған жайлы тоқыма бойымдар шығарып, сауда нарығын кеңейтіп, кәсіпорынның позициясын нығайту.

Алдымен кең, екі қабатты және жертөлесі бар коммерциялық емес ғимарат таңдалды. Бірінші қабат – кәсіпорын өнімдері: сүлгілерден бастап көрпелер мен жастықтарға дейін, төсек жабдықтарынан пледтерге дейін ұсынылатын сауда залына айналды. Екінші қабат – тігін цехы, мұнда күн сайын сәнді, сапалы әрі сұранысқа ие жаңа бұйымдар тігіледі.

Қаржылай қолдау алу үшін Жанар Мендіғалиқызы «Банк Центр Кредиттен» жеңіл несие алды. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме небәрі 6% құрады. Қалғанын мемлекет «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» қоры арқылы өтейді. Сонымен қатар, «Даму» қоры несиенің 30%-ына кепілдік берді.

Жобаның басты міндеттерінің бірі – өнім ассортиментін тұрақты түрде кеңейту болды. Команда тұтынушылардың сұранысын ескере отырып, заманауи трендтерге сай жұмыс істейді, жаңа технологияларды енгізеді және өндірістің әр кезеңінде жоғары сапаға баса назар аударады.

2023 жылы компания өнім сапасына сәйкестігін растайтын сертификаттар алып, өндірілетін өнімдердің жоғары деңгейін дәлелдеді.

Бүгінде Bellaсasa – ЖК «Костоурова» ашқан Павлодар қаласындағы жалғыз Тоқыма үйі, мұнда әрбір сатып алушы үйіне арналған барлық қажетін таба алады. Тұрақты сапа, дұрыс баға саясаты және үздіксіз даму арқасында ИП Костоурова сенімді қадаммен алға жылжып, жаңа клиенттердің жүрегін жаулап алуда.

Мекенжайы: Павлодар қ., Ш.Құдайбердіұлы к-сі, 6/3

Телефон: 8-777-314-47-99

Instagram: @bellacasa_pvl