menu
Жабу

Кеңес ал!

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттің қолдауымен жүк тасымалы саласы дамып келеді

14.05.2025

Шығыс Қазақстандық жас кәсіпкер Максим Чувилиннің тарихы 2012 жылдан бастау алып, ұрпақтар сабақтастығының үлгісі болып келеді. ОЛ Өскемен қаласындағы орта мектептің 9 сыныбын бітіріп, құрылыс-жол институтының жанындағы техникалық колледжге, кейін инженер-механик мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне оқуға түсті. Оқу бітіргеннен кейін Максим әкесімен бірге КамАз көлігімен жүк тасымалдау ісімен айналыса бастады. Осылайша олардың отбасылық бизнесі басталды.

Кейіннен бұл КамАЗ Максимнің меншігіне көшті, ал 2012 жылы ол өзінің жиған қаражатына екінші КамАЗ сатып алды. Онымен жеке өзі жүк тасымалдайды.

Бүгінде кәсіпкердің 2 жүк автомобилі мен 1 тіркемесі бар, әр автокөлік орта есеппен айына 1-2 рейс жасайды.

Кәсіпкер «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ тартқыш пен фронтальды тиегіш сатып алуға несие алды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауымен кәсіпкер қарызының мөлшерлемесін 8%-ға түсіре алды

«MaxTrade» ЖК

Жетекшісі: Чувилин Максим Павлович

Байланыс телефоны: 8 777 139 91 93

Мекен-жайы: ШҚО, Өскемен қ., Крылова к-сі, 81

ер үшін пайыздық мөлшерлеме жылдық 8% -ға дейін төмендетілді.