Кеңес ал!
«RAM&SEL» жеке кәсіпкері Биналиев Асқар Шамарданұлы Тараз қаласында 2015 жылдан бері өз қызметін табысты жүргізіп келеді. Негізгі бағыт - нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісі. Осы жылдар ішінде кәсіпорын өңір тұрғындары арасында сұранысқа ие сапалы өнімнің сенімді өндірушісі ретінде өзін көрсете білді.
2023 жылы өндірісті кеңейтуге және еңбек жағдайын жақсартуға ұмтыла отырып, кәсіпкер «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаржылай қолдау сұрады. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры "АҚ-ның көмегімен жаңа үй-жай сатып алуға және күрделі жөндеу жүргізуге субсидиялау және кепілдік беру құралдары бойынша жеңілдікті кредит алынды.
Алынған қаржыландыру бизнесті дамытудағы маңызды кезең болды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында «RAM&SEL» ЖК өндірістік қуатын арттырып, қосымша жұмыс орындарын ашып, шығарылатын өнімнің сапасын жақсарта алды. Бүгінде кәсіпорын болашаққа сеніммен қарап, ассортиментті одан әрі кеңейтіп, жаңа нарықтарға шығуды жоспарлап отыр.
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Ниетқалиев көшесі, 93 Е.
Телефон: 8-708-778-32-92