menu
Жабу

Кеңес ал!

Таза су шығаратын «Sauda LUX»

Жаңалықтар
04.07.2025

Қазір ауыз су өндірісі саласы – Қазақстандағы ең жылдам дамып келе жатқан нарықтардың бірі. Сарапшылардың айтуынша, су сапасы төмендеген сайын бөтелкедегі ауыз суды тұтыну көлемінің өсе бермек.

Алмас Демесинов ашқан «Sauda LUX» ЖК Талдықорған қаласында «Freshsu» брендімен бөтелкедегі ауыз суын өндіріп, жеткізумен айналысады. Негізгі өнім – 18,9 литр поликарбонат бөтелкеге құйылған ауыз су. Оның минерал деңгейі 100-500 мг/л құрайды және ішуге де, тамақ пен сусын дайындауға да жарайды.

«Freshsu» суы механикалық тазартуды, жұмсартуды, сүзуді, молекулалық тазартуды және ультракүлгін сәулемен дезинфекциялауды қамтитын бес сатылы кешенді өңдеуден өтеді. «Freshsu» суы озонмен байытылғаннан кейін ерекше дәмге ие болады. Құю цехы күніне 500-ден астам бөтелке шығаратын автоматты желімен жабдықталған. Бөтелкелерді жуу және су құю бойынша барлық операциялар адам қолынсыз жүзеге асырылады.

Тапсырыс берушілер қатарында кеңселер, бизнес орталықтар, сауда орталықтары, мектептер, балабақшалар, спорт ұйымдары, мейрамханалар, банктер, сондай-ақ тұрғындар бар.

«Forte bank» АҚ-ға жүгінген компания инвестицияға несие алды. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында несие бойынша пайыздық мөлшерлеме субсидия есебінен жылына 8%-ға дейін төмендетілді. Кепілзат жетпегенде «Даму» Қоры кепілдік берді.

Сайт: Freshsu.kz

+7 707 739 33 93

Жетісу облысы, Талдықорған қ., Еркін ауылы, Алматы-Өскемен тас жолы, 150 үй