Утегенов Медет Айсаұлы – бизнесті жаңа бастаған кәсіпкер. Қалыңдықтың жасауына арнап сандықтар жасаумен айналысады. Біраз жыл қызмет көрсету саласында жұмыс істеген Медет Айсаұлы жұмыстан қысқарып қалған соң ғана кәсіпкерлікпен айналысуға бет бұрған.
Бала кезінен қолөнерге икемі болған Медет осы қызығушылығын бизнеске айналдырмақ болды. Алдымен шеберлерден ағаштан сандық жасауды үйренді. Содан кейін түрлі сандықтарды өзі жасай бастады. Алғашқы тапсырыстар достары мен туыстардан түсті. 2019 жылы тапсырыс көлемі артып, қызмет аясын кеңейту үшін жиһаз жасап, оны құрастыруға арналған қосымша жабдықтар сатып алмақ болды.
Алдымен «Банк ЦентрКредиттің» Ақтөбедегі филиалы арқылы несие рәсімдеді. Жоба «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау құралы бойынша қаржыландырылды. Яғни Медет 14%-дың 8,6%-ын ғана төлейді, қалған 5,6%-ын мемлекет өтейді. Сондай-ақ, «Даму» Қоры несие сомасының 85% мөлшеріне кепілдік берді.
Қазір жас кәсіпкер жиһаз өндірісі саласында өз бизнесін сәтті жүзеге асыруда. Өнімдер Ақтөбе қаласындағы «Мега Шығыс» базарының сөрелерінде, 3-ші Блок, 37-ші «Қыз Жасау» бутигінде сатылады.
Жоба аясында 4 жұмыс орны құрылды және бюджетке салық түсе бастады.
Instagram: https://instagram.com/sunduki.medet?igshid=1ticjzl4mne0q
Телефон: 8-776-750-55-77.
Мекенжай: Ақтөбе обл, Ақтөбе қаласы, «Мега Шығыс» базары 3 Блок, № 37 бутик