menu
Жабу

Алматы жол-құрылыс компаниясы дамып келеді

Жаңалықтар
17.09.2019

«Алматы жол-құрылыс компаниясы» ЖШС Қазақстандағы ең ірі асфальт өндірушілерінің бірі. 2001 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компанияның Алматы облысында «AMMANN» фирмасының барлық типті асфальтбетон қоспаларын өндіретін 4 зауыты, DAF, Мерседес және HOWO маркалы жүк көліктері, тиегіштері бар. Сондай-ақ Алматы облысының Бәйтерек және Түрген ауылдарында инертті материалдар өндіру бойынша 2 жеке карьері де бар.

IMG-20190916-WA0019.jpg 

Жеткен жетістіктеріне қарамастан, Алматы жол-құрылыс компаниясы өндірістік процестері мен жұмыс әдістерін жақсарту тәсілдерін үнемі іздеу үстінде.

IMG-20190916-WA0016.jpg 

Компания өніміне сұраныс ұлғая келе Алматы жол-құрылыс компаниясы 2019 жылы қыркүйекте Қазақстанда теңдесі жоқ «HESS», Германия және «ORU», Италия фирмасының құралдарымен жабдықталған жартылай құрғақ қалыптастыру әдісімен сілкіп сығымдалған бетон бұйымдар (тротуарлық плиткалар, бордюрлар, қабырғалық блоктар) өндіретін зауытты іске қосты.

IMG-20190916-WA0010.jpg⁠ 

Өндірістің барлық процесі автоматтандырылған. Сапасы зауыттағы арнайы аттестацияланған зертханада тексеріледі. Заманауи автоматты желіні пайдалану арқасында кәсіпорынның сенім білдірген тұрақты клиенттерінің саны артып, өткізетін өнім көлемі өсті.

 

Бұл жаңа желі үшін «Алматы жол-құрылыс компаниясы» «Альфа – Банк» арқылы 14%-дық несиені «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында алды. «Даму» Қоры несиенің пайызын ішінара субсидиялады. Сондай-ақ, кепілдік жетіспегендіктен Қор кепілдік берді.

 

Кәсіпкерден лайфхак:

 

Компания: «Клиенттің айтқаны заң» деген қағиданы ұстанады

- Заманауи жабдықтар. Жоғары өнімділікті және автоматтандыруды қамтамасыз етеді, Технологиялық процесте адам қолының қатысуын азайтады;

- Логистика, орын таңдау. Өндірушіні таңдаудағы маңызды факторлардың бірі - өнім беруші зауытының Тапсырыс беруші орналасқан жерден алыстығы. Бетоннан жасалған тротуар плитка, кенере, қабырға блоктары көлемді және ауыр материал болғандықтан, тасымалдау шығындары сауда чегінің елеулі бөлігін құрауы мүмкін;

 

- Тиімді баға. Өндірістің толық циклі бәсекеге қабілетті баға қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Мекен-жайы: Алматы қ., Бөкейханов к-сі (бұрынғы. Аэродромная), 55а үй.

Тел: + 7 (727) 392-41-44

+7 (727) 392-41-53

Пошта: adck@list.ru

Сайт: www.adck.kz